Жұма, 29 Наурыз 2024
Шамшырақ 5161 0 пікір 27 Қараша, 2015 сағат 16:22

ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

 

Астанадағы Ұлттық баспасөз клубында Ұлттық инновациялар байқауының нәтижесін қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты болып өтті.

Баспасөз мәслихатында спикер ретінде «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның  Атқарушы директоры Камилла Қасымбекова, Ньютон – Аль-Фараби әріптестік бағдарламасының және Қазақстандағы British Council өкілі Қанат Абашов, сондай-ақ, байқаудың жүлделі орын иегерлері сөз сөйледі.

Естеріңізге сала кетейік, қараша айында «Үздік жас ғалым», «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі», «Кәсіпорында рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі», «Инновация тақырыбындағы үздік журналистік материал» номинациялары бойынша Ұлттық инновациялар байқауының жеңімпаздары анықталған болатын. «Оқушылар арасындағы үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша өтінімдер қабылдау 22 қараша күні аяқталған болатын. Нәтижесніде, аймақ бойынша байқауға оқушылардың 45 инновациялық жобасын ұсынған Ақтөбе облысы көш бастап келеді.  Астаналықтар аталмыш байқауға 44 жоба ұсынса,  ал Қарағанды облысының оқушылары 40 жобасын таныстырды. Алматы қаласы колледжінің 1-2 курс студенттері 25 жоба ұсынды.

Қазіргі таңда жобаларды қарастыру және бағалау жұмыстары жүргізілуде.

Аталмын номинация бойынша байқаудың финалы 11 желтоқсан күні Астана қаласында Оқушылар сарайында өтеді.

Барлығы Ұлттық инновациялық байқау бойынша 799 өтінім қабылданды. Олардың ішінде журналистерден 246 жұмыс, оқушылардан  – 321, жас ғалымдардан – 98, жылдың үздік рационализаторлық шешімі бойынша – 124 өтінім келіп түсті, рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі бойынша  байқауға Қазақстанның 10 ірі кәсіпорны қатысты.

 «Үздік журналистік материал» номинациясы бойынша жеңімпаз 2016 жылдың наурыз айында Ұлыбританиядағы BBC, The Times және т.б. (сапардың бағдарламасы British Council-дағы әріптестермен жасақталуда) секілді әлемдік жетекші БАҚ өкілдерінің кеңселерін көру мүмкіндігіне ие болады. Жеңімпаз атанған оқушылар да алдағы көктем мезгілінде Ұлыбританияға бару мүмкіндігін иеленеді.

Үздік жас ғалым деп танылған Назарбаев Университетінің қызметкері Дана Ақылбекова жүлде қоры аясында, 2016 жылдың маусымында Ұлыбританияда өтетін халықаралық FameLab байқауының гранд-финалында ел атынан сынға түседі. Ал, II және III орын иеленген жүлдегерлер Айдар Кемелбай мен Дәмел Мектепбаеваға, сәйкесінше 2 500 000 және 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық ұсынылды.

Ал, үздік отандық рационализаторлар 2 500 000, 1 500 000 және  1 000 000 теңге көлемінде ақшалай чекті иеленді, олар бұл қаражатты рационализаторлық саласында жаңа инновациялық идеяларын жүзеге асыруға жұмсауды көздеуде.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544