Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5145 0 пікір 28 Мамыр, 2010 сағат 06:04

Қазақстандағы екінші «Бәйтерек» Өскеменде пайда болды

Өскемен. 28 мамыр. ҚазТАГ - Өскемен қаласына кіре берісте Ертіс көпірінің қасында «Бәйтерек-Астана» монументінің көшірмесі бой көтерді, деп хабарлайды ҚазТАг тілшісі.

«Біз көптеген нұсқаларды қарап шықтық, сосын Қазақстандағы екінші «Бәйтерек» жасау туралы шешім қабылдадық Әлемде жүзден аса Эйфель мұнарасы, бірнеше Бостандық мүсіні бар...неге бізге де өз «Бәйтерегімізді» жасамасқа дедік», - деп мәлім етті қала әкімі Ислам Әбішев.

Құрылыстың салмағы - 22 тонна, биіктігі - 28,5 метр. Оның негізгі биіктігі - 11 метр, салмағы - 15 тонн. Құрылысты салмағы 4 тонна болатын он метрлік тәж қоршап тұр, ал алтын түсті шардың салмағы үш тоннаға барады. Жұмысты «Центрэнегоэкспертизы» ЖШС орындады.

«Астана-Бәйтерек» монументі Астананың символы және негізгі көрікті нысандарының бірі болып табылады. Оны салу идеясын ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған. «Бәйтерек орналасу орнымен және композициялық құрылысымен ежелгі көшпелі халықтардың космогониялық наным-сенімдерін көрсетеді, олардың аңыздары бойынша, әлемдер тоғысында Әлем өзені ағып жатыр», - делінген Астанадағы монументтің негізінде.

0 пікір