Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 4350 0 пікір 1 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

ҚАЛА БАЗАРЛАРЫ ҚАРА БАЗАРҒА АЙНАЛМАУЫ КЕРЕК

Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері салық және құқық қорғау саласының мамандарымен бірлесіп, Әл-Фараби ауданы аумағы бойынша ретсіз сауда орындарына рейдтік шара ұйымдастырды. Төлеби көшесінде орналасқан «Қырғы базардың» маңы мен аялдамаларды ретсіз сауда қатарларынан ашу жұмыстары жүргізілді.

– Шара барысында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ретсіз сауда  нүктелерін заманауи талаптарға сай қалпына келтірілген сауда орындарына орналастыруға тиісті нұсқау берудеміз. Бірнеше мәрте айтылған ескертуге бей-жай қараған сауда иелері үшін заң аясында айыппұлдар салынады, - дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі Қайрат Базарбеков.

Қайта құрылымдау қалай жүргiзiлуде?

Қала базарларын қайта құрылымдау, ондағы қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру жұмыстары әлі де болса өз деңгейінде емес. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, арнайы құрылған жұмыс тобы Абай ауданы аумағы бойынша базарлардың бүгінгі хал-ахуалымен танысты.

– Бүгінгі базарларды қайта құрылымдау жұмыстарының алғашқы кезеңі жүруде. Қала аумағында 37 базар болса, 2018 жылға қарай, барлығы заман талабына сай жабық кешенде қызмет көрсететін болады. Бүгінгі шара барысында арнайы жұмыс тобы әсіресе, базарларда өрт қауіпсіздігін сақтау талаптарының орындалу көрсеткіштеріне, тазалығына, сонымен қатар, қайта құрылымдау жұмыстарына жете көңіл аударды, – дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Асқар Қаныбеков.

Айта кетейік, жұмыс тобы арнайы келген «Авто-Нұр» базарында бүгінгі таңда 1500-ге таяу сауда орны бар. Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында базар әкімшілігі арнайы өрт сөндіргіш техникасын сатып алғанын жеткізді. Сонымен қатар, әр ауысым сайын 6 қызметші қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуде.

Арнайы құрылған жұмыс тобының мүшелері мұндай шара алдағы уақытта қаланың өзге де аудандарының базарларында жалғасын табатынын мәлім етті.  Қысқасы, Шымкент қаласындағы базарлар қара базарға айналмай сауда саттықтың мәдени түріне көшуі керек.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3593