Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3429 0 пікір 28 Мамыр, 2010 сағат 05:58

Өнеркәсіп компаниясы Астана мен Омбы маңында коттедж қалашықтарын салуды жоспарлап отыр

Алматы. 28 мамыр. ҚазТАГ - «Экотон+» АҚ өнеркәсіп компаниясы $28,75 млн сомаға Астана мен Омбы маңында коттедж қалашықтарын және Омбыда тұрғын үй кешенін салуды жоспарлап отыр. Компанияның қағаздарын «буферлік» категорияға ауыстыруға негіздерді жою бойынша шаралар жоспарында осындай мәліметтер келтірілген, мәліметтер KASE-де жарияланды.

«Қазіргі уақытта компания өзі шығаратын өнімді қолдану арқылы құрылыс жүргізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Осы мақтастпен компания 3 жаңа жоба әзірледі: Қосшы кентінде құны $9,52 млн коттедж қалашығын салу; Омбыда $12,75 млн қаржыға тұрғын үй кешенін салу және Омбыда $6,48 млн соманың коттедж қалашығының құрылысы», - делінген құжатта.

Компанияның пікірінше, жобаларды жүзеге асырудан түсетін ықтимал кіріс $2,875 млн құрайды. Жобаларды жүзеге асыруға капитал салымдары компания акционерлерінің өз қаржысы есебінен алынады.

«Экотон+» АҚ ұяшықты бетоннан бұйымдар шығарумен және сатумен айналысады. Компанияның Астана мен Ақтөбеде өндірістері бар және ол Ақмола облысында кварц құмы карьеріне иелік етеді. Компания биыл 28 сәуірде Қазақстандық қор биржасында (KASE) облигациялары бойынша дефолтқа жол берді. Компанияның 2009 жылдағы таза шығыны Т561 млн, кірісі Т1,82 млрд құрады. Компанияның активтері аталған кезеңде Т7,39 млрд, жеке капиталы Т764,6 млн құрады. Компанияның негізгі акционерлері «Отау-К» ЖШС және «Астана-Финанс» АҚ, олардың үлестері тиісінше 41,56% және 31,91% қарапайым акция.

0 пікір