Сенбі, 20 Сәуір 2024
Билік 3423 0 пікір 2 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

.«ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК»

Шымкент қаласындағы Бейнелеу өнері мұражайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, Елбасының өмірі мен қызметіне арналған «Елбасы және Оңтүстік» атты фотокөрме ашылды.

Фотосуреттер көрмесінде Мемлекет Басшысының Оңтүстік Қазақстан облысына келген жұмыс сапары және өңірдегі әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарын аралаған сәттері бейнеленген. Суреттерді жергілікті фотографтар түсірген. Көрмеге қойылған фотосуреттер Президенттің

кәсіпорын ұжымымен, жастармен және қарапайым еңбек адамдарымен кездескен сәтіндегі көңіл-күйі бейнеленген.

Фотокөрменнің ашылуына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай қатысты. Көрмеге келген қонақтарды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтаған Қ.Нұртай Елбасының тәуелсіздік тұғырын тұрақты етуге және еліміздің әлемдік деңгейдегі мәртебесін көтеруге қосқан сүбелі үлесі мен еңбегін ерекше атап өтті. Көрме 10 желтоқсанға дейін жалғасын табатын болады.

Елбасымыз: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі»  деп атап көрсеткен.

 Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз.  Ал, мұның бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты  себепкер – ана тілі.

Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған, жалпы халықтық тілден ұлттық деңгейге көтерілген тіл.

Біздің ана тіліміз — қазақ тілі:

—  түпкі түрін сақтаған түркі туыстас байырғы тіл;

—  ежелден жазба мәдениеті бар тіл;

—  әдеби тіл, жергілікті тіл (диалекті), сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі тәрізді формалары бар;

—  демографиялық тірегі мықты ұлттық тіл;

—  құрылым-құрылысы кемелденген тіл;

—  егеменді Қазақстан Республикасы өз қамқорлығына алған мемлекеттік тіл.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуіміз керек.

Abai.kz

0 пікір