Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3625 0 пікір 27 Мамыр, 2010 сағат 09:23

Астанада президент саяси репрессия құрбандарының ұрпақтарымен кездесті

Астана. 27 мамыр. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Саяси репрессия құрбандарын еске алу күні қарсаңында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси репрессия құрбандарының ұрпақтарымен кездесті.

«Егер сіздердің естеріңізде болса, КОКП-ның XX-шы съезінің алдында келесідей цифрлар айтылған. 1921-1954 жылдары жалпы сотталғандардың саны 3 млн 777 мың адам болып, оларың 642 мыңы - атылды. Осы кезеңде Қазақстанда саяси қуғын-сүргінге 100 мың адам ұшырап, 25 мыңы - ату жазасына кесілген», - деді Н. Назарбаев кездесу барысында.

Ондағы бар мәліметтер бойынша Қазақстан лагерлерінде - ҚарЛаг пен АЛЖИР-де 2 млн тұтқын отырған.

«Лаңкестік ауқымы туралы тек мына бір біздің елдегі цифрден көруге болады - 1938-ші жылы 25-ші ақпаннан 13-ші наурыз аралығында әскери коллегия Қазақстанның барлық басшылығын - 650 адамды ату жазасына кесті... Яғни ұлт толығымен билігінен айрылды», - деді Н. Назарбаев.

Ол сарапшылардың бағалауын мысалға келтірді. Ол бойынша XX-шы ғасырдың 20-50-ші жылдары КСРО-да 40 млн адам қуғын-сүргінге ұшырап, шамамен 25 млн адам бай қулак деп тоналып, ұжымдастырылған.

Президенттің айтуынша, әр түрлі ұлттың 1,5 млн өкілі Қазақстанға жер аударылған.

«Біз бүгін келешекте ондай қасірет ешқашан қайталанбас үшін... сол қатерлі оқиғаларды еске алуға жиналдық».  

Саяси қуғын-сұргін құрбандарын еске алу күні - 31-ші мамыр. Қазақстанда ол 1997 жылдан бері аталып өтуде.

0 пікір