Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3474 0 пікір 3 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ ЕЛБАСЫНЫҢ СТУДЕНТТІК ӨМІРІМЕН ТАНЫСТЫ

Таяуда «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында «Жас Отан» Жастар қанаты Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Елбасының Днепродзержинскідегі курстасы Тельман Спаевпен жастар кездесті. 

Тельман Спаев жастарға: «Президент тек өз тобында ғана емес, училишедегі ең үздік тәлімгердің бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін, кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісетін» - деп атап өтті.

Кейінірек, Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кітаптарының бірінде былай деп жазды: «Кейінгі кезде өзінің «пролетарлық» тегімен көкірек қағу басқа бір нәрсенің салқынымен алмасты: қайткенде де өз тегінен «ақсүйектік» қасиет іздеп табу етек алды. Ондай біздің тұқымда болған емес. Мен – қойшылардың ұлымын, немересімін және шөбересімін. Демек, ешқандай ақсүйектер әулетінен емеспін. Менің ата-бабаларымның бәрі де Алатау баурайында өмір сүрген».

Бірақ, кейінірек оның әулетінде әйгілі адамдар болғаны анықталғанына қарамастан, Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан өзін халық арасынан шыққан, халыққа жан-тәнімен жақын адам деп есептейді және қазір де солай ойлайды.  Халқының қаны бір перзенті ретінде ол бұл сезімінен ешқашан арылған емес, қайта жыл өткен сайын еселей түсті.

Ол өзін нағыз қазақ, бабалар мәдениеті мен салттарының мұрагері, жаңа формацияның, әркімнің алдынан бұрын болмаған мүмкіндік ашатын ғылыми-техникалық прогрестің ілгері басқан жаңа дәуірінің адамы ретінде сезінді. Халықтың дәстүрлі танымы мен жаңа индустриялық дүниетаным оның жан-дүниесінде үйлесе тоғысты.

Нұрсұлтан шыныққан шымыр жастардан іріктелген домнашылар тобына қосылды. Жас Назарбаев бұлшықеті мен мінезінің мықтылығын спортта, балуандардың бозкілемінде дәлелдей білді.

«Қазақтың баласынан тек қойшы шығады, - деген сөз қатты жүрегімізге бататын – дейді Тельман ағамыз -  Елбасымен кездескен әрбір кездесуінде Президент «Тельман жастармен көптеп кездесіп тұр, жастарға тарихымыз туралы, Ел тұтастығы жайында әрдайым айтып жүр, жастар білсін, үйренсін», - деп айтатынын айтты. Қазіргі таңда елімізге инжинерлер, металлургтер, техниктер, компьютерді білетін азаматтар көптеп керек екенін атап кетті. Қазіргі таңдағы Қазақстандағы білім алуға жасалынған барлық мүмкіндіктер, ешбір уақытта болмағанын айтып, жастарға оқы, оқы және оқы», - деген өсиетті қайта айтты.

Тельман ағамыз өздері білім алған Украинадағы жағдай туралы «қазіргі Украинаны естісем менің жүрегіме ауыр тиеді» деп, ел тәуелсіздігі, тұтастығы, аналарамыздың, бауырларымыздың бейбіт тыныш өмір сүруі ең қымбат және құнды дүние екенін еске салды.

Нұр Отан партиясының ресми сайты

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563