Дүйсенбі, 25 Мамыр 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 8531. Жазылғандар — 4506. Қайтыс болғандар — 35
Жаңалықтар 2013 0 пікір 3 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

СОЗАҚ АУДАНЫНАН ШЫҚҚАН 20 ҮЗДІК ЖАС ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Кез – келген мемлекеттің болашақта қандай болатыны, оның өркендеуі, дамуы тікелей бүгінгі қоғамның жас ұрпағына байланысты. Ертеңі мен болашағына сенімді ел ғана мұратына жететінін дана халқымыз дөп басып айтқан. Себебі, жастар қоғамды алға сүйреуші күш! Жастар – ел болашағы!
Еліміздің ертеңіне тірек, іргесіне сүйеу болатын жастарымыздың келешегі жарқын екендігін Тәуелсіз мемлекетіміздің күн сайын қарқынды дамып, өркендеуінен байқауға болады.

Жарқын болашақтың тізгінін ұстаушы жастарға қолдау көрсету- мемлекетіміздің басты назарында. Осы тұста 2004 жылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы  қабылданды. Бұл Заңның аясында жастарымызға әлеуеметтік, мәдени – рухани қолдаулар көрсетіліп, әр түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. 
Сондай-ақ, жастардың азаматтық өркендеуі мен әлеуметтік өзін-өзі қалыптастыруы үшін құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағынан жағдайлар жасау және оларды нығайту басты мақсат болып табылады. 
Сондықтан, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауына үн коса отырып, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы 
шаралары аясында аудан жастарының форумын өткізудегі мақсат- осы Ұлы істердің қарсаңында жастардың қоғамымыздың дамуы мен қалыптасуындағы орны мен рөлін айқындауға ықпал жасап, бағыт-бағдар сілтеу.
Бір кезде экономикасы мен әлеуметтік жағдайы артта қалған аудан ретінде саналатын Созақ- бұл күнде ауыл шаруашылығымен өнеркәсібі қатар дамыған республикамызға белгілі алдыңғы қатарлы аудандардың бірі.
Ал, өткен тарихымызға көз жүгіртсек, бұл өлке-Қазақ Хандығының алқашқы туын тіккен қазақтың киелі мекені.
Демек, Жасампаз Еліміздің 20 жылдық шежіресінен айшықты орын алатын Созақ ауданында туып-өскен жастардың Тәуелсіз Отанымыздың дамуымен өркендеуіне қосар үлесіде қомақты болуы шарт.
Осығай орай, аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі комиссияның қарауымен «Ауданнан шыққан 20 үздік жас» айдары бойынша осы жинаққа түрлі салаларда көзге түсіп, айтулы жетістіктерге жеткен жастардың мәліметтері енгізіліп отыр.Ондағы мақсат- жастарды дәріптеу, қол жеткен жетістіктерін одан әрі дамытуға шабыт беру, жақсы жетітіктерін өзге замандастанына өнеге етіп тарату!
Әрине, Біржан Жақыпов, Ахат Кенжебаев сынды жастарымыз ауданнан асып, республиканың атын шығарып жүрген, есімі алты алашқа белгілі азаматтар. Олардың жетістігі бүкіл еліміздің мақтанышына айналған!
Олар бүгінгі жастардың көшбасшысы, биік мұраты! 
Сондықтан да, жинаққа енген 14-29 жас аралығындағы ауданнан шыққан таңдаулы да талантты жастар осындай ағаларымен құрдастарының барына мақтана да, масаттана жүреді деген сенімдеміз!

Созақ аудандық ішкі саясат бөлімі

0 пікір