Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3885 0 пікір 27 Мамыр, 2010 сағат 09:20

Ұлт лидері - қызмет емес, саяси қайраткердің қалыптасқан бейнесіне сипаттама, дейді саясаттанушы Қарин

Алматы. 27 мамыр. ҚазТАГ - Белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин парламент қабылдаған ұлт лидері туралы заңға мемлекет басшысы қол қойып-қоймайтындығынан еш интрига көріп отырған жоқ.

«Ұлт лидері дегеніміз қызмет емес, саяси қайраткердің қалыптасқан бейнесіне берілген сипаттама ғана», - деді Е.Қарин «Время» газетіне сұхбат беру барысында, сұхбат бейсенбі күні жарық көрді.

Оның мәлімдеуінше, бұл мемлекеттің саяси құрылымына әсер етпейді, өйткені «ұлт лидері» түсінігінің мемлекеттік қызметпен еш байланысы жоқ. Саясаттанушының пікірінше, «мемлекет басшысының қандай шешім қабылдайтынына қарамастан, «ұлт лидері» түсінігі саяси лексиконға енетіні анық.

«Бұл айтарлықтай шабытты мәнде естілгенімен, ондай анықтама біріншіден, Назарбаевтың өз елінің тағдырында атқарған қызметін көрсетеді. Бірақ дәл осы тұрғыда қазір орын алып отырған пікірталастың еш мәні де, мағынасы да жоқ. Өйткені азаматтардың басым бөлігіне «Назарбаев факторының» қазір де, болашақта да елдің тұрақты және тізбекті дамуындағы маңызын айтудың қажеті жоқ», - деген сенімде саясаттанушы.

Еске сала кетейік, 13 мамырда парламент заңдарға тұңғыш президент-ұлт лидерінің қызметін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер жобасын және ілеспе түзетулерді мақұлдады. Мәжіліс депутаттарының тобы ұсынған түзетулер ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өкілеттіктерін регламенттеумен «ұлт лидері» мәртебесін беруді қарастырады.

Құжат мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа қол қоюға жолданды. Регламентке сәйкес, президент заңға бір айдың ішінде қол қоюға тиіс. Сонымен қатар, ол оған вето құқығын пайдалануы немесе құжатты Конституциялық кеңеске сараптамаға жібере алады. Н.Назарбаев бұл заңға қатысты әзірге ешқандай шешім қабылдаған жоқ.

0 пікір