Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 3580 0 пікір 4 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

ӘБДІРАХЫМОВ – СӨЗІНЕ ІСІ САЙ ӘКІМ


Әр әкімнің қызмет істеу қабілеті мен белгілі бір істің ыңғайын дұрыс тауып кірісуі әртүрлі болады. Қала тұрғындарының пайымынша, Ғабидолла Әбдірахымов сөзіне ісі сай, барлық мәселені терең зерделеп барып шешім қабылдайтын, оқып-тоқығаны мол, халыққа жақын болуды қалайтын, жауапкершілікті жоғары бағалайтын, қарамағындағыларға талапшыл, білікті азамат. Шаруаға мығым, үнсіз, тым-тырыс отыру жоқ. Қаламыздағы іс-шаралардан қалмайтын және қарапайым халықтың арасынан жиі табылатын журналистеріміз жүргізген бейресми сауалнама барысында тұрғындар қала әкімінің қызметіне байланысты осындай пікірлер білдіріп отыр. Аз уақыт өткенін, әкімнің жұмысы жөнінде пікір білдіре алмайтындарын айтқандар да бар. Осы орайда, Ғабидолла Рахматоллаұлы Шымкент қаласының әкімі қызметіне кіріскеннен бергі жүз күнде қандай жұмыстар атқарылғанын қала тұрғындарына қысқаша баяндап өтуді жөн санадық.

  «Шымкенттi елiмiздегi ең әдемi, ең қолайлы қалаға айналдыру қажет»

Үш айдан астам уақыт үшінші мегаполистің тыныс-тіршілігімен толық танысып, әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асырудың жолын анықтауға мүмкіндік жасады. Шымкентті еліміздегі ең бір әдемі, ең қолайлы, келген қонақ қимай қоштасатын қалаға айналдыру қажет екенін тағайындалуы кезінде мәлімдеген Ғ.Әбдірахымов алғашқы күні-ақ облыс орталығы аумағында салынып жатқан құрылыс нысандарымен танысты. Жылу маусымына дайындық пен баға тұрақтылығы назардан тыс қалмады. Инвестициялық ахуалды жақсарту, қаланың өзіндік брендін қалыптастыру бағытында жаңа бастамалар қолға алынып, батыл қадамдар жасалды. Нәтижесінде қала өміріне елеулі өзгеріс енгізетін, бүгінде қызу талқыланып қолдау көрсетіліп жатқан Тұжырымдама дайындалды. Бұл орайда, қала әкімі «дұрыс шешім қашанда – егесе жүрген елде емес, кеңесе білген жерде» деген нақылды ұстанған болар. Тұрғындардың пікірі мен толғандырған негізгі мәселелері ескерілген және барлық саланы қамтитын қаланың 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының мақсаты – Шымкентті тұрғындарға барынша қолайлы да жайлы, қонақтарға тартымды болатын еліміздегі заманауи мегаполиске айналдыру. Әлемдік деңгейдегі ойын-сауық орталығын салу бойынша инвесторлармен кездесу, халықаралық конгресс-көрмеге қатысып «ақылды» қалалардың үздік үлгілерімен танысу жаңа жобаны жүзеге асыру мақсатында жасалған алғашқы қадамдардың бірі болса керек.

Біз қамтып отырған кезеңде әлемдік дағдарыстан туындаған экономикалық жағдай ескеріліп, қала бюджеті оңтайландырылды. Бюджеттің кірісі мен шығысына талдау жасалып, бірқатар ірі нысан құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттамалары уақытша тоқтатылды. Дегенмен, бірінші кезектегі әлеуметтік шығындар толығымен жоспарға енгізілді. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өнімдерінің, құрылыс, тұрғын үй көлемі, негізгі капиталға бағытталған инвестициялар өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсті. Жер телімдерін пайдалануға қатысты мәселелер қатаң бақылауға алынып, ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру мерзімдерін ұзарту бойынша жаңа талаптар әзірленді. Осы арада айта кетелік, таяуда Абай ауданы тұрғындарымен кездесуде қала әкімі бұрыннан заңсыз салынған үйлер бұзылмайтынын, халыққа қиянат жасалмайтынын айтты. Ондай үйлерді мүмкіндігінше заңдастыру жолдары қарастыруда екенін жеткізді. Осылайша, халыққа жақын екендігін тағы бір танытты. Сондай-ақ, қала әкімі бес ай бойы тоқтап тұрған жылу беру стансаларына байланысты мәселенің оң шешімін табуына ықпал етті. Сонымен бірге қуаты 160 Гкал болатын қазандықты іске қосу жұмыстары жедел жүргізіліп, пайдалануға берілді. Қалада бірнеше жылдан бері өзекті мәселеге айналған «Жаңаталап», «Тоғыс», «Базарқақпа», «Жұлдыз» тұрғын үй алаптарындағы кәріз жүйелерін іске қосу мәселесі жоспарға енгізілді. Жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар басталды. Бірнеше елді мекендер ауыз сумен, электр қуатымен және табиғи газбен қамтылды. Қала аумағындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің құрылыс сапасы бақылауға алынды. Бұл орайда, қала әкімі Ғ.Әбдірахымов 18 шағынауданда пайдалануға берілген жерүсті өткелінде болып, тұрғындар тарапынан келіп түскен сын-ескертпелер бойынша тиісті мекемелерге тапсырма берді. «Өткелдердің бәрі де қала тұрғындарына, ең алдымен мүгедектерге, қарияларға және аналар мен жас балаларға қолайлы етіп жасалуы қажеттігін» ескертті. Қала басшысының тапсырмасынан кейін кемшіліктер түзетіліп, құрылыс жобаларына тиісті өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, көлік инфрақұрылымындағы бірқатар мәселе оң шешімін тапты. Бірнеше көшеде қайта құру жұмыстары басталып, 70 көше орташа жөндеуден өтті. Қоғамдық көліктердің қызмет сапасын арттыру мақсатында Ғ.Әбдірахымов қала әкімдігінің мәжілісінде автопарк басшыларына жаңа автобустарды бағытқа қоюды талап ететінін мәлімдеді. Жол ақысын қымбаттатуды сұранған қауымдастық басшыларының өтініш-тілектерін қабылдауға негіз жоқ екенін кесіп айтты. Сала басшыларына жыл соңына дейін кемшіліктерді түзеу тапсырылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616