Жұма, 29 Наурыз 2024
Өзгелер 4992 0 пікір 24 Маусым, 2015 сағат 09:30

ҚЫТАЙ ДА РЕСЕЙГЕ ҚАРСЫ САНКЦИЯ САЛА МА?

Қытай банктерінің көп бөлігі ресейлік кредиттік ұйымдармен жұмыс жүргізуден бас тартып жатыр. «wow-impulse.ru» сайтының жазуынша, бұл туралы ВТБ банкінің орынбасар төрағасы Юрий Соловьев мәлімдеген.

Оның сөзінше, Қытайдың қаржылық құрылымы Ресеймен мемлекет аралық қызметтік сауда нарығындағы өз үлесін айтарлықтай қысқартқан.

«Біздің қатынасымызда қиындықтар жоқ емес. Әріптестік дамудағы басты кедергі – Ресей банктеріне қарсы ұстанып отырған Қытай позициясы. Қытайдың бұндай қадамға баруына АҚШ пен ЕО-ның Ресейге қарсы салып отырған санкциялары итермеледі», - дейді Соловьев. Ол солай бола тұра, Азиялық инвесторлар Ресейден биік потенциал, әріптестік әлеует күтеді деп те санайды.

Қытайдың министрлік комиссиясының мәліметінше, 2014 жылы Қытайдың Ресейге салған қаржылық емес тікелей инвестициясы 250 пайызға жоғарылап, 8 миллиард долларды құраған.

Естеріңізге салатын болсақ, Қырым конфликтінен кейін Ресей мен Батыс әлемінің арасы салқындап, Ресейдің Еуропаға экспорттық жолы жабылған еді. Бұндай жағдайға тап болған Ресей ширек ғасырдан бері өң бермей келсе де, Қытаймен газ мәселесін талқылауға мәжбүр қалды. Осы себептен Путин былтырғы жылы ғана, мамырда және қараша айында Қытайға арнайы шақырумен екі рет барып қайтты. Бұл - Путиннің былтырғы сапарындағы постсоветтік елдерді айтпағанда ресми сапармен барған Үндістаннан басқа бірден-бір алпауыт ел еді. Ол екінші реткі қарашаның 9-11 күндері арасындағы сапарында, мүмкіндікті пайдаланып Бейжіңде бірқатар азиялық мемлекеттердің басшылармен сөйлескен болатын.

Тұтынушылық нарығы аса үлкен Қытай үшін Ресеймен қырғи-қабақ болудан пайда жоқ, Қытай әрине зиянын да көре қоймайды. Себебі әлемдік тұтынушы нарықтың 90 пайызына экспорт өнім шығаратын Қытайға Ресеймен салқындық көп зардап туғызбайды. Алайда, «қиын» жағдайдағы Ресейдің ауыр күндерінде жанынан табылып, Сібірдің газын арзандау бағаға ала беру Қытайға тиімді. Оның үстіне үндемей-ақ іс бітіргіш қытайлар қаржы жағында қадамды қалай жасауды жақсы біледі. Экономика дегеннің өзі үлкен саясат екенін білетін Азияның алпауыты санкцияны ашық салмай-ақ, Ресей нарығын тұралата алады. Сондықтан, Қытай үшін Батысқа еріп Ресейге санкция салу күн тәртібіндегі мәселе болмаса керек.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616