Жұма, 29 Наурыз 2024
Әңгіме 8082 0 пікір 24 Маусым, 2015 сағат 16:40

СУЫҚ ШАЛҒАН СҰЛУЛЫҚ

Бүгін тағы көшенің қақ ортасынан өтіп бара жатыр. Толқындай жайылған шаштары, теңіздің асау толқынындай жағаға үлкен күшпен келіп, кері кетіп жатқандай бір орында тұрмай, қара қою шашы жылтырап көздің жауын алады. Жүріп өткен жолында қалған артындағылардың көбісі күбір ете түседі. Мынандай сұлулықты Жаратушым әркімнің маңдайына жаза бермейді. Көргендерің түгелі «пах, шіркін!» - деп тамсанатын. Мың бұралып кетіп бара жатқан қыз осының барлығын түсінетін және одан әрімен ұнай түсу үшін ерекше әрекеттерге де барып жататын.

Сырттай көркіне ғашық болып, іштей батылы жетпей жүрген жігіттер күннен-күнге көбейіп жатты. Оны көргісі келетіндер жүретін жолында күтіп тұруды шығарды. Оқуға келе жатқанда көріп қалғысы келетіндер пайда болды. Жолдың ортасынан үлкен қызметтегі адамды күтіп тұрғандай жарылып ашылып бүкіл көздер соған қарап тұратын. Университеттің есігінен кіргенше көзін басқа жаққа жіберместен, талмай, алмай қарап тұратын.
Қыздың өзі де оқу орнына шықпас бұрын ұзақ дайындалады. Айнаның алдында әрленіп көп тұрады. Кірпігін тартады, қасын реттейді, ерінін әдемілеп қызылмен бояп, шашының әр талын қарап, үстіне үйлесетін киімін киіп сан сағаттан соң далаға шығады. Ауласының есігінен аттап шығысымен «Мәссаған!» -дескен жұрт. Бірақ сол бір сөздерді қыздың бетіне барып «тарс!» еткізіп айтуға ешкімнің батылы жете бермейді. Сыртынан сүйек көрген аш иттердей, ауыздарын ашып, тілдерін түсіріп, ентігіп тұрады. Қыз бәрін көзінің астымен көреді, байқайды. Бірақ тоқтап көрген емес, әр жігіттің алдынан әр адымын санап кете береді. Көргендер болса көзімен қызын шығарып салған еріншек жігіттердей әр алысын әдемілікпен қарап тұрады.

 Заманауи киімдерді үстіне алғашқылардың бірі болып киеді. Тыртысқан, жабысқан киімдерді көп кимеседе жұқалау киім-кешектерге әуес болды.

Қыс келді. Қыстың қатты аязынның аямай тұрған сәті. Әлгі қыз үстіне әдеміше киілген пальто, жағасында түлкі иректеліп жатқандай, жүні қалың терісі бар, күштірек киіммен келеді.   Сұлулығында мін жоқ.  Сипаттауға сөз таппайтындар шыңылтыр аязға қарамастан шақыр-шұқыр еткізіп қарды аямай басып келе жатқан қыздың жүрісіне ерекше көзқараспен қарап тұрады.  Шашы сол қалпы. Жайылып келеді. Әр басқан қадамына сәйкес шашыда адымына қарай екі жаққа кезекпе-кезек ауып келеді. Осының өзі сұлулығын бағалап жүргендердің жүрегін қарып кететін. Осы бейнені көру үшін айналасындағылар тапжылмай тұратын.

Үлкендер қауымынан ескертпелерді жиі алғанымен бірде біреуін құлағына іліп, айтқандарын істемеген. Үнемі қыздың өз дегені болатын. Бұл жақсы-ақ, бірақ шеттен асыпта кететін тұстары жоқ емес. Оқу орнына өзімен кейде қатарласып келетін ұстазы болатын. Екеуі бір зәулім көпқабатты үйде тұратын. Жол бойына әңгіме айтып, әр нәрсені талқылайтын. Ол кісі өз қызындай қамқорлық танытып, жанашырлық білдіріп жүретін. Кейбір ойы таяздар өзгеше сөзде шығаратын.
 Бірде көпқабатты үйді ерекше дауыс жайлап кетті. Жан дауысы шығып жатыр. Ұстазына жүгіріп келген келесі бір көршісі:

- Жүріңіз, болыңыз, ауыр тиіп жатыр – деді.

Түк түсінбестен мұғалімде келген көршісінің артынан ілесе жөнелді. Жүгіріп жетсе бір бөлмені ғана емес көпқабатты алып жатқан дауыс иесін көрді.Өзінің бөлмесінде айғайлап жатқан қызды көргенде жан жүрегі елжіреп кетті.  Қос қолымен басын ұстап алып еңкілдеп жылап жатыр, көз жасы толастар емес.  Жан-жағынан қаумалап тұрған көршілері бірден ауруханаға апаруды жөн санайды. Қыздың басын қалың етіп орап, көтеріп әр баспалдақты санап түсті. Кішкене қозғалып кетсе, болмаса көтеріп келе жатқандар тепе-теңдіктерін сақтай алмай қалса қыздың жан дауысы шығып кетеді. Ептеп, жаймен, сағат санап, ақырындап түсіріп, ауруханаға алып келді. Қыз содан бері ұзақ уақыт көлемінде аурухана төсегіне танылды.

 Жарты жыл, алты ай уақыт көлемінде қыз ауруханада жатты. Ауруханадан шықты. Келген сәтте көршілері танымай қалды. Көргендері:

- Мынау сол қыз ба?-десті. Рас, бұл сәтте қыздың түрін сипаттап беру мүмкін емес еді. Бұрыңғы жіңішкелік, арықтық жоқ тамақтың түгелін тауысқан адамдай семіріп кеткен, мінезі ашық, жұмсақ емес ашуланшақ, шатақтау болып кеткен. Көп өзгеріске ұшыраған. Бұрын әр бұрышта тосып тұрып, жүрісіне тамсанатын жігіттердің біреу қазір келіп қарағысы келмейтіні анық. Сол сәттерді қыз ерекше қызығушылықпен еске алып, үлкен өкінішін жасырмады.

Ұстазы білмек болып ауруханаға арнайы барды. Осынша үлкейіп, адам танымастай еткен қандай ауру ол? Кішкене күн бұзылса басын ұстайтыны несі? Осы бір сауалдарға жауапта тапты. Қыстың қытымыр сәтінде басын ашық, шашын жайып жүргеннің салдары екен.  «Менингит» - басқа суық өткеннен пайда болатын үлкен дерт, жазылмас ауру. Бет-бейне,  түр-сымбаты әдемі, сұлу болғаныңмен ішкі жан-дүниесі лас болып жатқан жақсы емес. Сұлулықты сақтай білген жан ғана нақ, шын сұлу болмақ.

Серік ҚАНТАЕВ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606