Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4289 0 пікір 25 Маусым, 2015 сағат 15:53

Жақсыбеков - Халықаралық Ассамблеяның вице-президенті

Әділбек Жақсыбеков ТМД ірі қалалары мен елордалары Халықаралық Ассамблеясының вице-президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Tengrinews.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана әкімі Жақсыбековке Мәскеуден ТМД елордалары мен ірі қалалары Халықаралық Ассамблеясының бас директоры Селивановтың атынан жеделхат келіп түскен. Жеделхатта Халықаралық Ассамблеяның ХХІІІ сессиясының шешімімен Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков осы ұйымның вице-президенті болып тағайындалғаны туралы айтылған. Соған орай, аталған ұйымның бас директоры Астана әкімін Ассамблея атынан осы оқиғамен құттықтап, нәтижелі ынтымақтастық пен Халықаралық Ассамблеяда және Қазақстан астанасы мен ірі қалаларына лайықты өкілдік ететініне сенімін білдіріпті.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 10 маусымында Мемлекет басшысының өкімімен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне де тағайындалып еді.

Абай-ақпарат

0 пікір