Сенбі, 4 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 41065. Жазылғандар — 13614. Қайтыс болғандар — 188
Жаңалықтар 2562 0 пікір 29 Маусым, 2015 сағат 09:09

«Алтын адам ізімен. Таңқалдырған Қазақстан» экспедициясына қатысыңыз

Қазақ географиялық қоғамы «Алтын адам ізімен. Таңқалдырған Қазақстан» атты жаздық экспедицияға қатысуға еріктілерді шақыратыны туралы жариялады. 

«Құрметті достар, сіздерді Қазақ географиялық қоғамы «Алтын адам ізімен. Таңқалдырған Қазақстан» атты жаздық экспедицияға волонтер болуға шақырады! Волонтер ретінде студенттер, блогерлер, фотографтар, археологотар, инженер мамандары, көлік жүргізушілер, геологтар қатыса алады. Басты мақсат - командалық жұмысқа белсене араласу əрі қызықты демалыс. Достар, сіздерді командалық ұжымға күтеміз, хат жазыңыздар!», делінген аталмыш қоғамның Facebook желісіндегі парақшасында.

Экспедицияға қатысуға ниет білдіргендер анкета толтырып, info@kazgeo.kz электрондық адресіне 5 шілдеге дейін «Алтын адам ізімен. Таңқалдырған Қазақстан экспедициясына» тақырыбында хат жіберулері керек.

Абай-ақпарат

 

0 пікір