Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6701 0 пікір 30 Маусым, 2015 сағат 18:18

ҚР ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімдерімен Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлайды Bnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен босатылды;

Азамат Құрманбекұлы Әбдімомынов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды;

Саидмұрат Бапанұлы Тәңірберген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды;

Талғат Жеңісұлы Жанжүменов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды;

Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

 

Абай-ақпарат

0 пікір