Бейсенбі, 28 Қыркүйек 2023
Жаңалықтар 6056 0 пікір 1 Шілде, 2015 сағат 07:08

«АБАЙ» ШЫҢЫНА ШЫҒУДАН ЖАРЫС ӨТЕДІ

4 шілде күні Алматыда «Шымбұлақ» таушаңғы базасында Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай «Абай» шыңына (4010 м) бұқаралық көтерілу шарасы мен биіктікке жүгіруден жарыс өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Шараға кез келген ниет білдіруші тұрғын қатыса алады. Альпиниада бағдарламасы бойынша жарыс Шымбұлақтан (2200 м) басталып, Талғар асуы (3200 м), Богданович мұзарты, Абай шыңы (4010 м) бағыты арқылы өтеді. Шараны құтқару қызметі мен альпинист-құтқарушылар бақылайды. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Абай» шыңына көтерілген еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Тіл жанашыры – Нәзір Төреқұлов

Бағлан Ташимов 2271
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм. Ұлы қолбасшылар...

Бейсенғазы Ұлықбек 2113
Ақмылтық

Билік мыңқ етпеді

Ғаббас Қабышұлы 2483