Дүйсенбі, 13 Шілде 2020
«13 шілде – Ұлттық аза тұту күні»
Билік 4029 0 пікір 1 Шілде, 2015 сағат 10:44

ҚАЗАҚСТАН МАГНИТКАСЫНА 55 ЖЫЛ (ФОТО)

Қазақстан Магниткасының 55 жылдығына байланысты «АрселорМитталТеміртау» АҚ мерейтойлық шойыны құйылды. 

Мерейтойлық шойын шығарылымына домна пеші цехінің басшылығы Игорь Белоуса және ардагер металлургтер қатысты. 

«Біз сіздерді үшінші домна пешіне бекер шақырғанымыз жоқ. Бұл біздің - флагман. Жаңғыртылған пешті біз биыл іске қосып, қазіргі уақытта тәулігіне 6500 тонна шойын аламыз», - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Иво Хмелик.

Еске сала кетейік 1960 жылы 3 шілде күні Қазақстан Магниткасында еліміздің тұңғыш шойыны алынған. Дәл осы күні Қарағандыдағы металлургия комбинатында тұңғыш домна пеші іске қосылды. Бұл күн Қазақстан Магниткасының дүниеге келген күні болып саналады.
Қазақстан Магниткасы зауытының құрылысы 1950 жылы басталған еді. Көлемі 1513 м3 алғашқы домна пешін салу 1957 жылы желтоқсанда қолға алынды. 1958 жылы БЛКЖО XIII-съезінде Қазақстан магниткасын салу Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы деп жарияланды. 1960 жылы 3 шілдеде № 1 домна пеші, тұңғыш шойын қорытты, қарашада 2 кокс батареясы пайдалануға берілді, 30 желтоқсанда қазақстандық алғашқы кокс алынды. 

Комбинатта 1980 жылдары 41 мыңнан аса адам еңбек етті. 6 адам Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды.

Теміртаудағы бұл зауыт қазіргі уақытта Қарағанды облысының еліміздің өндірістік локомативі атануына өзінің зор үлесін қосуда.

ҚазАқпарат

0 пікір