Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4091 0 пікір 1 Шілде, 2015 сағат 19:37

2015 ЖЫЛЫ ЖОО ГРАНТЫНЫҢ 75%-І ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ БӨЛІНДІ

Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев алдағы оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі жайында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Алдағы білім берудің мемлекеттік тапсырысын бекіту туралы қаулы қабылданды. Мемлекеттік тапсырыс көлемі - 39 994 орын, оның ішінде бакалавриат - 32 168 грант, магистратура - 7 241 грант, докторантура - 623 грант. Мемлекеттік тапсырыста алдағы жылдардағыдай техникалық мамандықтар көш бастап тұр - 42,4 пайыз", - деді вице-министр Астанадағы алқа отырысында.

Оның айтуынша, бұл жылдағы ерекшелік гранттардың тіл бойынша үлестірілуінде - қазақ бөліміне 75 пайыз және орыс бөліміне 25 пайыз. "Мұндай шешім қазақ бөліміндегі конкурсты есепке алудың және межелік балдың деңгейінің негізінде қабылданды", - деп түсіндірді ол.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3577