Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 10535 1 пікір 3 Шілде, 2015 сағат 16:48

КӨРІПКЕЛ ЖҰМАТОВА: БҮКІЛ ӘЛЕМ ҚАЗАҚСТАНДА БОЛАДЫ

Танымал қазақстандық көріпкел, “Экстрасенстер шайқасы” (Битва экстрасенсов) телешоуының финалисі Бақыт Жұматова Қазақстанды демогарфиялық көбею күтіп тұрғанын, алда ИЛИМ ұйымының тіршілігін тоқтататынын, Израиль мен Жапонияны су басатынын және еліміздің дамуында үлкен секіріс болатынын болжап берді. Бұл туралы өз дереккөзіне сілтеме жасап Nur.kz жаңалықтары жазды.

Бар ақпаратты параллельді әлемнен алып отырамыз дейтін Жұматова Қазақстан дағдарыстан тек 2017 жылы ЭКСПО көрмесі өткеннен кейін ғана шыға алатынын айтуда. Оның ойынша, бұл еліміздің беделін өсіріп, нәтижесінде әлемдік сайыстар мен олимпиадалар бізде өтетін болады.

Сәуегей көптеген өндіріс орындары 1941 жылдардағыдай Ресей мен Украинадан біздің елге көшетін болады және елімізге көптеген немістер келеді деп сенеді.

Жұматова ИЛИМ-нің күні санаулы екенін болжады.

“Бұл Аль-Каида емес, бұл тіпті діни құрылым да емес. Бұл мұнай аймақтарын, нақты айтқанда Ирак, Сирия жерлерін жаулап алатын құрылым. Олардың келесі құрбандары Иран, Араб Әмірлігі және Сауд Арабиясы болмақ… Бұл орайда мен мұнайды сатуды меңзеп отырмын. Олар аймақтарды мұнай сату арқылы жаулап алуда. Жай ғана бәрін өлтіріп кете беру емес”, – дейді көріпкел.

Ол ИЛИМ-нің болашақта әлемді жаулап алғанын көрмейтінін және олар Наполеон, Гитлердің қателігін қайталап отырғанын айтуда. Көріпкел ИЛИМ 2015-2016 жылдары жұмысын тоқтатады деген болжам жасады.

Сонымен қатар Жұматова ҰҚК өкілі Нұртай Абықайдың “ИЛИМ – бір ақылды басқарып отырған қойлардың отары” деген сөзіне келісетінін жасырмады.

Көріпкел болашақ әлемде тек Батыс Сібір мен Қазақстан аймағы қалып, қалғаны су астына кетеді деп болжады. Сол себепті бізге көп жапондықтар келіп, Ауғаныстан жерден ғайып болады екен. Израиль де жер бетінен жоғалып кетеді.

Жұматова Қазақстан дамудың сенгісіз секрісін бастан кешіретініне сенімді.

“Тура үш жыл өтеді – 15, 16, 17. 2017 жылы Қазақстан АҚШ сияқты ауқатты болады. Бізде бүкіл әлем болады. Бүкіл әлем Қазақстанда болады – бұл керемет емес пе? Біздің жасырар түгіміз жоқ. Жеріміз де кең. Бәрі қызмет етіп, салық төлесін. Бұдан бізге еш зиян бола қоймайды”, – деп мәлімдеді Жұматова.

Сөз соңында көріпкел қазақстандықтарға бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі.

 

Абай-ақпарат

 

1 пікір