Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4877 0 пікір 3 Шілде, 2015 сағат 17:04

ҚАЗАҚ ШЕКАРАШЫЛАРЫ 16 ӨЗБЕКСТАНДЫҚТЫ ТҰТҚЫНДАДЫ

«Қазақстан шекарашылары Қазақстан территориясында болу тәртібін бұзды деген күдікпен бір тәулікте Өзбекстанның 16 азаматын ұстады», - деп хабарлады «Азаттық радиосы» бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) шекара қызметіне сілтеме жасап. 

Шекара қызметінің мәліметінше, "Батыс" аймақтық басқармасының "Әйтеке би" заставасының шекарашылары Қарабұтақ елді мекені аумағында Өзбекстанның алты азаматын "тисті құжаттары болмады" деген күдікпен ұстаған. Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) Төле би ауданының Леңгір қаласында "Оңтүстік" аймақтық басқармасының "Леңгір" комендатурасының әскерилері Қазақстан территориясында болу тәртібін бұзды деген күдікпен Өзбекстанның алты азаматын ұстаған. Ұсталғандарға қатысты материалдар ОҚО-ның аудандық миграциялық полициясына жіберілген.

Ал Алматы облысының Ұйғыр ауданында шекарада паспортты тексеру кезінде "Шығыс" аймақтық басқармасының Шонжы шекара отряды шекарашылары Өзбекстанның төрт азаматының "шекара режимін бұзғанын" анықтаған.

Шекара қызметі Өзбекстан азаматтары шекаралық аймақтарда шекара режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, 4955 теңге (шамамен 26 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынған.

Абай-ақпарат

 

0 пікір