Жұма, 29 Наурыз 2024
Өзгелер 5203 0 пікір 6 Шілде, 2015 сағат 02:22

РЕСЕЙДЕ ЙОГАҒА ТИЫМ САЛЫНДЫ

Ресейдің Нижневартовск қаласында екі йога студиасына құзырлы органдарынан хат келді. Хатта йога сабақтарының тоқтатылуын, жасалып отырған йогаларының діни ғибадаттарға ұқсайтыны жазылған.

Әлемдік йога күнін атап өту үшін АҚШ- тың Нью- Йорк қаласында өткен йогаға қатысып отырған БҰҰ хатшысы Пан Ги Мун

The Moscow Times газетіндегі жаңалықтарға сәйкес бұл студиялардың жұмысына құзырлы органдар күдікпен қарайды. Прокуратура әкімшілік ғимаратында орналасқан йога студияларының жұмыстарын тоқтатқанын қалайды. Ескерту хатта «Жаңа діни ағым жолы мен осыған ұқсас қандайда бір әрекеттер тоқтаталысын» делінген. Бұл студиялар Хатха стилінде йога сабақтарын жүргізіп келеді. Хатха йогасы діни ғибадаттардан еш айырмашылығы жоқ екені де ескерту хатта жазылған.

Ескерту хатын алған курстардың бірінде жұмыс істейтін йога мұғалімі Инга Пименова  «Барлығымыз қобалжыдық дегенмен, бізде діни ғибадттар орындалмайды ғой» деп жауап берді.

Индуизм аңызына сенсек тәңірлердің біреуі Шива, Хатха йогасын тапқан. 21 маусым күні алғаш рет әлем йога күнін тойлаған. Жүз мыңдаған адам бұл мерекені атап өтті. Үндістан премьері Нарендра Моди Әлемдік йога күнінде Дели қаласында 35 мың адамға йога сеансын өткізген. Бұл оқиғаға Үндістандағы мұсылман саясатшылары қарсы пікір танытқан болатын.

Ал, ресми деректерге сүйенсек Қазақстанның барлық қалаларында йога орталықтары бар. Йоганы дәріптеушілер Йоганың мағынасы – байланыс немесе жалғасу дегенді білдіреді дейді, олардың ойынша йога жаттығулары бізді Жаратқанмен, ғылыми тілмен айтқанда табиғатпен байланысуымызға көмектесетін көрінеді.  Ислам ғалымдары болса йогамен айналысудың орнына Оның орнына ата-бабамыздың төл діні - Исламның үкіміне бойсұнып, соған сай амал еткен жөн деп санайды.

 

Тұрықбайұлы Назар

«Қала мен Дала» газетінің тілшісі.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590