Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3254 0 пікір 26 Мамыр, 2010 сағат 07:39

Алматыда Орталық Азия елдері театрларының 3-ші фестивалі ашылды

Алматы. 26 мамыр. ҚазТАГ - Сәрсенбі күні Алматыда Орталық Азия елдері театрларының үшінші халықаралық фестивалі ашылды.

Байқауға Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан ұлттық театрларының труппалары қатысып отыр. Қазақстан атынан Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры, Астананың жас көрермен театры, Батыс Қазақстан облыстық драма театры, К.Кожамьяров атындағы музыкалық комедияның мемлекеттік ұйғыр театры, Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театры, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдердің Қазақ мемлекеттік академиялық театры және Т. Жүргенев атындағы өнер академиясы қатысады.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, фестивальде әр қатысушы елдің бір-бір өкілінен өкілетті қазылар алқасы құрылды.

0 пікір