Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3424 0 пікір 26 Мамыр, 2010 сағат 07:38

Дүниежүзілік банк ОА энергетикасын дамыту стратегиясын әзірлеуде

Алматы. 26 мамыр. ҚазТАГ - Дүниежүзілік банк (ДБ) Орта Азия (ОА) өңірінің энергетикасын дамыту стратегиясын әзірлеуде. Осы мақсатта ДБ тобы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан өкілдерімен энергетикалық сектордың келешектегі даму стартегиясы туралы консультациялар жүргізді. ДБ баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты.

«ДБ тобы ОА-да энергетикалық сектордың жаңа даму стратегиясын әзірлеу үшін ұсыныстарды жинау мақсатында консультациялар өткізді. Бұл бағыттағы жұмыстарды 2011 жылдың басына қарай аяқтау жоспарлануда. Консультативтік кеңес 2010 жылы 24-ші мамырда телекөпір форматында ДБ-нің Алматы кеңсесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан өкілдерінің қатысуымен өтті», - делінген осы халықаралық ұйым хабарында.

Хабарда айтылғандай, талқылаудың негізгі тақырыбы «ұсынылып отырған көзқарастың мақсаты мен негізгі принциптерін сипаттайтын энергетикалық сектордың даму стратегиясы» болды.

«Консультация барысында алынған ұсыныстар мен түсініктемелер ДБ-ға энергетика саласын дамытуда жұмысты жақсартуға септігін тигібек. Талықлау барысында мүдделі тараптар проблемаларға деген өз көзқарасын, оны шешідің әлеуетті мүмкіндіктері туралы пікірін ортаға салып, ол өз кезегінде энергетикалық сектордағы біздің алдағы стратегияны бағыттайтын болады», - деді ДБ тобының энергетика жөніндегі негізгі сарапшысы Масами Коджима.

Жүргізілген консультациялар мен ДБ алған пікірлер «дамушы елдерге энергиямен қамтамасыз етуді қол жетерлік ету мен сенімділігін артыруға ең жақсы жолмен көмектесуге, сонымен қатар елдің экологиялық тиімді энергияны дамыту жолына өтуге ықпал етуге» мүмкіндік береді.

0 пікір