Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3801 0 пікір 9 Шілде, 2015 сағат 16:23

НОРВЕГИЯ ПОЛИЦИЯСЫ БЫЛТЫР ЕКІ ОҚ ҚАНА ШЫҒЫНДАПТЫ

Норвегия полициясының қызметкерлері 2014 жылы екі рет қана оқ атқан, оның нәтижесінде ешкім де өлтірілген немесе жараланған жоқ екен. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Аталған мәліметті норвегиялық полицейлердің 2002-2014 жылдарға арналған жаңартылған баяндамасында келтірілген.

Полиция жаңа мәліметтерді 2013 жылдан бергі елеусіз төмендеу деп атап өтеді, ол кезде норвегиялық құқық қорғау қызметкерлері үш рет табельдік қару қолданып, екі адамды жаралаған болатын.

2014 жылы норвегиялық полицейлер тапаншасын қабынан 42 рет шығарды. Бұл да соңғы 12 жылдағы ең аз көрсеткіш екен.

Норвегия полицейлері 2002 жылдан 2014 жылға дейін барлығы 2 адамды өлтірген.

 

Абай-ақпарат

0 пікір