Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4161 0 пікір 9 Шілде, 2015 сағат 16:39

МҰХАММЕДИҰЛЫ КИНОҒА ҚАРАЖАТ ІЗДЕП ЖАТЫР

Қазақстан Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Қазақ Елі" фильмінің түсірілім жұмыстарына қосымша ақша іздестіріп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты жазды.

"Қазақфильм" және министрліктің  "Қазақ Елi" фильмінің түсірілім жұмыстарына қосымша қаражат іздестіріп жатқанын айтқан министр:

"Мен жобаға қаражат табу үшін жауапты меценат ретінде өзім де қатысамын", - деген. Ол тарихи сериалдың түсірілім жұмыстарына министрліктің де өз тарапынан ішкі қосымша қорлардан қаржы іздейтінін айтты.

Естеріңізде болса, Алғашында жиырма серияға жобаланған филімнің онға, жақында жеті ғана серияға қысқарып қалғаны туралы жазған едік. Онда режиссор Рүстем Әбдірашов ең басты себеп қаражат тапшылығы екенін айтқан болатын.

Министр түсірілім тобының наразылық білдіруін қолдайды, оның айтуынша, бұл қосымша қаражатты талап етеді. "Көркем фильм киностудия павильонынан тыс жерде жүргізіледі. Ол Сығанақ, Сарайшық, Алмалық пен Созақ қамалын, Керей мен Жәнібектің ауылын тұрғызуды талап етеді", - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

 

Абай-ақпарат

0 пікір