Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4080 0 пікір 26 Мамыр, 2010 сағат 04:58

Қалмұқан Исабай. Гетенiң өлеңi мен Абайдың аудармасы қатар тұр

Ұлы Отан соғысының ардагерi, белгiлi жазушы Қалмұқан Исабай «Жас Алаш» газетiнiң редакциясына келiп, жақында Италияның Триест қаласында 104 кеңес жауынгерiне ескерткiш орнатылғанын, сол жауынгерлердiң 36-сы қазақ екенiн айтты. Сондай-ақ, 23 жасында батальон командирi болған Бейсен Райсов және бiр рота фашистi жер жастандырып, ерлiкпен қаза тапқан 10 қазақ жауынгерi жайындағы деректердi алдыға жайып салды.

- «Ерлiгi үшiн» медаль және орденмен марапатталған Бейсен Райсов алғаш рет 1942 жылы тұтқынға түскен. Совет адамдарымен бiрге үш рет концлагерьден қашты. Иосиф Броз Титоның әскерiне қосылып, жауға қарсы соғысты, - деп сөз бастады 85 жасты алқымдаған Қалмұқан ата. - Совет адамдарынан ба­тальон жасауға Тито бұйрық бередi. «Кеңес адамдары бiздiң жауынгерлерге ерлiктiң үлгiсiн көрсетедi», - дейдi ол. 300-ден астам адамнан батальон жасақталады. Дәл сол кезде Бейсен қы­зыл армияның сержанты болатын. Ба­тальонға кiмдi командир етiп сайлаймыз дегенде өзге­лердiң офи­цер­лiк шен-шек­пе­нiне қарамастан Тито Бейсенге тоқтаған.

- Бейсеннiң ай­туынша, - дейдi ақсақал: «1943 жылдың көктемiнде Тито: «Ке­зiнде қазақ даласын 3 жыл паналадым. Бұл ұлтты өте жақсы бiле­мiн. Есепсiз ер емес. Қазақ есеппен, санамен соғысатын халық. Сержант болса да Бейсен Райсовты ба­тальон командирi етiп тағайындаймын», - дептi». Титоның бұл сенiмiн Райсов та, батальондағы жауынгерлер де ақтауға бар күш-жiгерiн салды. Әсiресе, қазақ жауынгер­лерi ерлiктiң жарқын үлгiсiн көрсете бiлдi.

Мәселен, 1945 жылдың сәуiр айында Гитлер: «Оңтүстiк әскер Берлиндi қорғауға келсiн», - деп бұйрық берген. Ал Тито әскерiнiң мiндетi осыдан туды. Яғни, Триест қаласының маңындағы Випава өзенiнен бiрде-бiр фашистi солтүстiкке қарай өткiзбеу керек. Бұл мiндеттi орындауда Бейсен Райсов басқарған батальонның орны бөлек. Әсiресе, аталған өзеннiң бiр өткелiн барлауға барып, жауға тап болған 10 қазақ жауынгерiнiң ерлiгi ел есiнде.

- Оларды бүкiл батальон болып күттiк. Келмедi, - деп еске алыпты Бейсен Райысов. - Барлаушыларды iздеуге шықтық. Сөйтсек, барлауға шыққан 10 қазақ жауынгерi 150 адамы бар жаудың бiр ротасына тап болыпты. Көпiрден өткiзбеймiз деп серт­тескен-ау шамасы. Жаудың бүкiл ротасын қырып, өздерi де мерт болыпты.

Соғыстың 65 жылдық мерейтойы қарсаңында Қалмұқан ақсақал Қазақстан және Италия үкiметiне хат жазады. Қазақтың ер халық екенiн көрсете бiлген дәл осы 10 қазақ барлаушысына арнап Триест қаласына ескерт­кiш қою керек деп. Сондай-ақ, аталған батальон Югославияның Словения республикасының жерiнде соғысқан. Яғни, жауынгерлерге қатысты қандай да бiр құжат Словениенiң астанасы Любляна қаласында болуы мүм­кiн. «Мұны да ескердiм. Қазақстандағы Италия елшiсiне хат жаздым. Батальонның iзiн Любляна қаласының мұрағатынан iздеңдер деп. Триест қаласы үшiн қаза тапқан кеңес жауынгерле­рiнiң тiзiмiн тапты. 104 адам екен. Оның 36-сы қазақ. Ендеше, азаттық үшiн жан пида еткен азаматтарға ескерткiш орнатылуы керек емес пе? Керек. Мiне, сол ескерт­кiштiң ашылу салтанаты Италия­ның фашистiк ұлтшылдардан азат болған күнi, яғни сәуiрдiң 25-iнде өттi. Бiрақ, барудың сәтi түспей қалды», - дейдi ақсақал. Әрине, ерлердiң елеусiз қалмағанына жеңiс жауынгерiмен бiрге бiз де қуандық.

Ал 23 жасында Титоның сенiмiнен шыққан қазақ жiгi­тiнiң кейiнгi өмiрi қалай өрiлдi? Қалмұқан Исабайдың айтуынша, жеңiс туы желбiрегеннен соң елге оралған Бейсен Райсов КГБ-ның қырына iлiнiптi. Титомен Сталин­нiң арасындағы салқындық өз салдарын тигiзсе керек. Оның үстiне Сталиннiң «тұтқын­ға түскен адам жоқ, оның бәрi сатқындар» деген қатал үкiмi бар. Ал Бейсен Райсов - Титоның қарамағындағы батальонды басқар­ған, әрi тұтқынға түскен жауынгер. Оның үстiне, батальонда кiм болды, қалай соғысты, барлық құжат Райсовтың қолында қал­ған. КГБ «батальондағы жауын­гер­лер­дiң тiзiмiн бер» деп қысымға алады. Құжатты тапсырса, майдандастарының бәрi тұтқындалатыны анық. Мұны бiлген Райсов 1948 жылы бiр түнде барлық қағазын көтерiп, Ашхабадқа кетiп қалады.

- КГБ Бейсен туралы, оның маған айтқан әңгiмелерi туралы менен де сұрады, - дейдi Қалмұқан ақсақал: «Кейiннен «Мұн­дай­лар болған» деген кiтап шығардым. Үш тараудан тұрады. Бiрiншiсi - «Мұндай қазақ бол­ған». Екiншiсi - «Мұндай немiс болған». Үшiншiсi - «Мұндай орыс болған». Онда Бейсен Райсов туралы кеңiнен жазылған. Үш ұлттың ерлерi жан-жақты салыстырылған».

Кезiнде Ильменау қаласының коменданты қызметiн атқарған жазушы Қалмұқан Исабай: «Абайдың Гетеден аудармасы бар емес пе? «Қараңғы түнде тау қалғып» деп басталатын. Гете бұл өлең жолдарын дәл осы Ильменау қаласында жазыпты. Қалада Гетенiң мұражайы ашылған. Сол мұражайға Абайдың аудармасын тасқа қашап жаздырып, iлгенiм бар. Қазiр Гетенiң қаламынан туған өлең мен Абайдың қазақша аудармасы қатар тұр», - дейдi. Арада 65 жылдан астам уақыт өтсе де сол сұрапыл соғыстың әлi де жазылмаған, толық анықталмаған сырлары қаншама?! Ал оның әрқайсысында бiзге белгiлi-белгiсiз жауынгерлердiң тағдыр-тәлейi жатыр. Майдангер жазушыны мазалайтын да - осы жайт.

Дилара ИСА

«Жас Алаш», 25 мамыр 2010

0 пікір