Сенбі, 20 Сәуір 2024
Билік 3552 0 пікір 17 Шілде, 2015 сағат 11:49

Қараталдықтар Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтіп жатыр

Биыл Қазақ хандығына 550 жыл екені жыл басынан бері айты­лып келе жатыр. Міне, cол айтулы ме­рекені қараталдықтар (Алматы облысы) жоғары дең­гейде атап өтіп келеді. Ауданға Қай­рат Бейсем­баев басшылыққа келген­нен кейін мәдениет саласы­ның тамы­рына қан жүгіріп, халық­тың рухани көңілі көтеріліп, өнері­міз кең өріс алып келеді. Осының нақ­ты дәлелі ретінде ауданның бар­лық ауылдық округ­терінде Қа­зақ хандығының 550 жыл­дығына орай мәдениет күн­дері ата­лып өтуде. Өт­­кен сенбі, жек­сенбі күндері Қаң­бақты ауылдық округі мен Қы­зыл­балық ауылдық округінде жал­ға­сын тапқан мәдениет күні құнды­лығымен халықтың жүре­гіне ыс­тық сезім ұялатты. Таң сәрі­мен бас­талған мәдени шара кеш қарай­ғанға дейін жалғасты.

Ауылдық қолөнер шебер­лері­нің көрмесін тамашалаған қо­нақ­тар артынша үлкен жиынның куәсі бол­ды. Алқалы жиынды жүр­гізіп отыр­ған ауыл әкімі Жан­дос Кеңелбаев келген қонақтарды та­ныс­­тырып, бірінші сөзді аудан әкі­мінің бірінші орынбасары Жә­ні­бек Тасыбаевқа берді. Аудан әкімінің орынбасары ауданда жа­са­­лып жат­қан жағымды істерге тоқ­тала келіп, биыл елімізде көп­те­ген мәдени ша­ралар атқарыл­ғанын тілге тиек етті. Бұған дейін Ұлы Жеңістің 70 жыл­дығы, Конс­титуцияның 20 жылды­ғы, Ас­сам­блея­ның 20 жылдығын атап өтті. Енді, міне, Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­дығын тойлап отыр­мыз. Бұл, Қа­­­зақ елі үшін тарихи маңызы зор ме­реке екенін бір сөз­бен түйін­дей кетті. Осы тұрғыда аудан көлемінде мә­дени күн ая­сын­да атап өтіп, жас ұр­пақтың бойына патриоттық тәр­бие беруде үлкен жұмыс істеліп жат­­қанынан хабардар етті. Сондай-ақ, ау­дан әкімінің ыстық ықыласын жет­­кізіп, ауыл тұр­ғындарын мәде­ниет күні мере­кесімен құттықтады. Бұ­дан кейін сөз алған «Сарыесік» қо­ғамдық қо­рының директоры Айт­жан Тына­лиев, облыстық «Же­т­ісу» га­зетінің бас редакторы Әмі­ре Әрін ауыл тұрғындарын мере­кемен құт­тық­тап, жүрекжарды ле­біз­­дерін жет­кізді.

Келелі жиынның соңы ән мен жырға ұласты. Ауылдық көркем­өнерпаздар тарихтан сыр шертіп, Жәңгір ханның өмірінен аздаған қойылым сахналады. Өнерлі жан­дар­дың қойылымы кәсіби деңгей­ден бір кемшін емес. Көрермен­де­рін баурап алған әртістер қойы­лымды тама­ша­лаған жұрттың ықы­ласына бөленді. Артынша ауылдың жастары тамаша әннен шашу шаш­са, сыртта спорттық ойындар өз дең­гейінде өрбіді. Қазақ күресінен қарсылас шақ келтірмеген Аза­мат Досаев бірінші орынды жеңіп алса, гір тасын көтеруде Сәкен Тоқ­сан­баев алдына жан сал­мады. Ала­ман бәйгеде ша­ша­сына шаң жұқ­паған Жақсы­бер­ген Қасым­жа­нов­тың сәйгүлігі бірінші ке­ліп, қанжығасына бас бәйгеге тігілген мотоциклді бай­лады. Кеш соңы жас­тардың би кеші­мен жал­ғас­ты.

Көңілді шалқытқан мереке мен Рамазан айының құрметіне балап Байшегір ауылынан шық­қан аза­маттар ауыл ортасынан иман­ды­лық үйі мешіттің ірге тасын құю жұмысы басталды. Бұл да ауыл тойы­­ның ажарын асқақтатып жі­бер­ді.

Осындай дүбірлі той Қызыл­ба­­лық ауылдық округінде де жал­­­­­ға­сын тапты. Ауыл әкімі Мақ­­­сат Көш­­кімбайұлының же­тек­­­шілі­гімен өткен мәдениет кү­ні көптің көңілі­нен ұзаққа дейін кетпесі анық. Ауыл әнші­лері ән­нен шашу шаш­са, Тоғым хан­ды сом­даған әуесқой әртіс­тер­дің ең­бегін жоға­ры баға­лаған жөн. Спорттық ойын­дардан оза шап­қандар көп болды. Қазақ күре­сі­нен қарсы­лас­тарын қоға­дай жа­пыр­ған Нұршат Төлеуқа­сымов бірінші орынды жеңіп алды. Во­лей­бол жарысында Алма­лы ауы­лының командасына ешкім қар­сы­лас бола алмады. Гір тасын көте­руде ешкімге дес бер­меген Асхат Ынтыбеков бірінші орынға тұрақ­тады. Балқаш көлінің саға­сына орналасқан екі ауылдың мәдени күні бірде Қаратал өзе­нін­дей сар­қы­рап, көл толқынын­дай жағаны шарпып, бір сәт тынған теңіздей жайма-шуақ тер­беліп, көл жағасын әдемі бір күй­ге бө­леді. Рухани азықты мол жинаған ауыл тұрғын­дары той­дан кейін, әсем ән мен тәт­ті күйдің қуатымен күндегі тір­ші­лігі көл түбінен маржан сүзуге қай­та кірісіп кетті.

Өз тілшіміз

Abai.kz

0 пікір