Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Билік 4369 0 пікір 19 Шілде, 2015 сағат 16:14

БІР АЙДА EGOV АРҚЫЛЫ 1 МЛРД.-ТАН АСТАМ ТЕҢГЕ ӨТТІ

2015 жылдың маусым айы бойынша Электрондық үкіметтің төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы 1 млрд.-тан астам теңге сомасына 100 мыңнан астам төлем жүргізілді. Бұл айсайынғы транзакциялар арасында абсолюттік рекорд болып табылады.

Өткен жылдың маусым айында  бұл сома 191 млн. теңгені құрады, ал бүкіл 2014 жыл бойынша – 3 млрд теңге.  2015 жылы төлемдердің жалпы сомасы  4 млрд. теңгеге жақындады.

Қазақстандықтар eGgov арқылы  көбінесе жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды, мемлекеттік бажды, салықтарды және ұялы байланыс үшін төлемдердітөлейді. Осы жылдың маусым айында ғана ЭҮТШ арқылы мемлекеттік қазынаға жол қозғалысы ережелерін  бұзғаны үшін 800-ден астам миллион теңге, мемлекеттік баж үшін  шамамен 64 миллион теңге, 35,5 млн. теңге салық келіп түсті. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері өздерінің депозиттік және несиелік шоттарына 52 млн.-нан астам теңгені аударды. .

Естеріңізге салсақ, электрондық үкімет порталының пайдаланушылары онлайн режимінде мемлекеттік қызметтер үшiн төлемдер, салықтар, айыппұлдар коммуналдық қызмет, байланыс қызметі, ұялы байланыс, мемлекеттік баж салығын төлей алады және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі есепшоттарды толтыра алады.  Онлайн төлемдер толық тізімін осында алуға  болады.

Анықтама үшін: «Электрондық үкіметтің төлем шлюзі» ақпараттық жүйесі 2010 жылдан бастап Қазақстанда жұмыс істейді. Мақсаты – халықты «электрондық үкімет» шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үшін төлемдердің электронды түрімен қамтамасыз ету үшін банктер және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялану мен автоматтандырылу және. Жүйе Қазақстандағы ең ірі 50 топ интернет- компаниялардың ішіне кіреді және Forbes Kazakhstan журналының ойы бойынша Қазақстанның e-commerce нарығының 15 ойыншыларының құрамына кіреді.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Баспасөз-қызметі

0 пікір