Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 4728 0 пікір 20 Шілде, 2015 сағат 11:49

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ДРИМСИТИ» ДЕП АТАЛАТЫН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

«Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті» – деп Елбасымыз атап өткендей, табысын татулықтан тапқан, бірлігі бекем берекелі халық бұл күнде мерекелі өмір сүруде. Ұлт арасында бірлік пен теңдікті тоғыстыра отырып көптеген шаралар өткізілуде. Жас­тар арасында теріс әрекеттерге жол бермеу, құқық­бұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар салауатты ұр­пақ тәрбиелеу мақсатымен Алматы облысында «Дрим­сити» деп аталатын бейресми шара болып өтті.

 

 

Ел ертеңі – жастар. Бұл сөз терең мағыналы болуда бүгін­гі таңда. Келешектің кілтін алып, кемел елдің болашағы болған жастарға жоғары мін­дет пен үлкен сенім артылуда. Жастар үшін жасалған жақ­сылық, көрсе­тілер көмек те кө­беюде.  Қоғамнан ойып тұ­рып орын беріп, алдыңғы қа­тарға қоюда. Осы орай­да Ал­маты облысының жастар саясаты мәселелері басқар­масы, жастар сая­саты орта­лығы, «Жас Отан» жастар қа­наты ұйымдас­тырған шара бары­сында яркокрос, су ша­шу және ауа шарла­рын ұшы­ру ойындары өткізілді. Спорт пен сала­уат­ты өмір салтын ұста­ну­ды насихат­тайтын түр­лі-түсті бояулар мара­фоны әлемнің 50 елінде өтеді. Соң­ғы уақытта бұл біздің де елі­мізде белең алып, етегін кеңге жаюда. Оның ішінде қала­мызда биыл 2-ші рет ұйым­­дас­тырылуда.  Ассам­блеяның 20 жыл­дығына арналған шара­ның мақсаты – қала жастары мен белсен­діле­рінің жазғы демалыс­тарын қы­зықты өткі­зіп, қарым-қаты­нас­тарын ны­ғайту.  Ша­ра бары­сында об­лыстық жастар сясаты мәсе­лелері басқар­масының бас­шысы Рустам Алпысбаев бей­ресми, бей­сая­си іс-шара­лар, жастар ара­сында түсіну­­ші­ліктің, ұлт­аралық қаты­­нас­тың ныға­юына үл­кен үлес қосатын­дығын ай­тып өтті. Айта кетер­лік жайт 2000-нан аса жасөс­пірімдердің көкке лақ­тырып,  бір-бірінің үсті-басы­­на жағылған бояулары 400 келіден асса, ыстық күн­де рахаттандырып, мал­ман­дай еткен 1000 сушашы­рат­қыш­тар болды. Сонымен қа­тар көкке көптеген шар ұшы­рып көтеріңкі көңіл-күйге бөлен­ді. Қаланың орта­лық алаңын­да жинал­ған жастар­дың дені неше түрлі ұлт өкілдері бол­ды. Кәріс, орыс бастаған бір­лікті жастардың, берекелі за­манда тату-тәтті ойын ой­нап, еркіндікті сезініп, мәнсіз бол­­май, қамсыз жүргендері қуант­­ты. Танымаған жұртқа да бояу жағып, су шашып жүрген жас­тарға елеулі еркіндік беріл­гендей. Сол маңнан мен де ша­ра­ға бөлін­ген қаражат­тың кіш­кентай бөлігін үстіме жағып қайт­тым, түрлі бояуға боянып, суға малындым. Сонымен бірге санама сан­түрлі сауал  оралды.

Жастардың кереметтей кө­ңіл-күйіне арналған бір күннің берері не? Ойын-сау­­ық десе іш­кен асын жерге қоятын жасөс­пірім­дердің рухын, сезімін бас­қа да шаралар арқылы кө­теруге болмайтын ба еді?! деген ой туындады. Се­бебі, беріл­ген мүм­кіндікті молы­нан пай­далан­ған жас­тар, елдің көзінше емін-еркін айма­ла­сып, көзге дөрекі қы­лық­тар көрсетті. Осылай жасасын деген ниетпен ұйым­дас­тырыл­мағанын жақсы бі­леді көпшілік. Белі бесіктен шық­паған балғын­дардың бұдан өзге де қылықтары көңіл қуант­­­­­­пады. Біреудің қаң­сы­ғын таң­сық қылып, яр­кокрос мара­фонын өз жұр­тына жағымды қылған 50 елдің қатарында біз де жүрміз. Шетелдің ойыны­мен ша­быт­танған шараны тату­лықты, бірлікті кү­шей­ту мақ­са­тында ұйым­дас­тыр­дық. Бір­ақ осы күн­ге дейін, осындай даң­ғаза­сыз-ақ, бүкіл елдің бір­лігін биікке көтеріп, татулығын тұғыр­дан құлатпаған Ел­басы неше түрлі ұлт, неше түрлі дін өкілдерінің басын бір дастар­қанда қосты. Сөйтіп бірлікті насихат­таудың асқан үлгісін көрсетті. Елбасы сенген ел ертеңі болады деген жас­та­ры­мыз не істеп жүр? Оны қой­ғанда бір күндік қы­зық­қа бола біреудің үстіне жағылып, қай­тадан сумен шайылып кеткен бояу, аспанға аты­лып, жерге шашылған неше түрлі шар­ға кеткен қара­жатты айт­сай... Еріккен ер­кін­дікті елі­мізге ендіріп, қо­мақ­­ты қа­ра­жатты құр жі­бер­­генше, Рамазан ай­ын­­да жағдайы төмен жан­дарға көмек қылып берсек сол сау­ап емес пе?! Айдай ашық алаң­да әлдекімдерді сүйіс­тір­генше... Бұл шара­ның құ­ры бос­қа секіріп, ер­кін­діктен кекі­ріп жүр­ген жас­тардың әлеу­ләй­лімін көр­­сет­кеннен өзге берері  бол­­мады. Бұл менің өз ойым!

Құралбек СӘБИТОВ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3622