Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3411 0 пікір 25 Мамыр, 2010 сағат 13:01

«Зерде» холдингі 3 жылда 8 млн-нан аса электрондық қол таратуды жоспарлап отыр

Алматы. 25 мамыр. ҚазТАГ - Әділ Орманов. «Зерде» холдингі үш жылдың ішінде Қазақстан халқының экономикалық белсенді бөлігіне электрондық сандық қолдар (ЭСҚ) беруді жоспарлап отыр, деп мәлім етті «Зерде» ұлттық холдингінің басқарма төрағасы Әділбек Сәрсенов.

«Еліміздің экономикалық белсенді халқы 2-3 жылда ЭСҚ алады деп ойлаймын, - деді Ә. Сәрсенов ҚазТАГ агенттігінің сұрағына жауап беру барысында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 70-80 мың қол таратылды. «Бұл әзірге аз. Бірақ бұл қолдар биыл ғана беріле бастағанын ескеру қажет. Түркияда бірнеше жылдың ішінде 40 мыңнан аса электрондық сандық қол берілген», - деді Ә. Сәрсенов.

«Министрлік биылғы жылға әрбір тұтынушыға электрондық қызметтерді жеткізу бойынша үлкен міндет қойып отыр. Осы электрондық қызметтерді жаппай енгізу үшін қажет инфрақұрылымды 7 жыл бойы дайындадық. «Қазақтелекоммен» азаматтарға электрондық сандық қолдар алуға көмектесу туралы уағдаластығымыз бар», - деп нақтылады ол.

Қазіргі уақытта электрондық үкіметтің төлем шлюзы туралы ереже дайындалды, деді холдинг басшысы.

«Біз бұл механизмді салық, баж салығын төлеуде, мемлекеттік сатып алуларды өткізуде пайдаланбақпыз. Мысалы, қазіргі кезде электрондық үкіметтің сайтына кіріп, салықтың 120 түрі бойынша төлем жасауға болады. Әділет министрлігінің сайтымен белсенді интеграция жүргізіліп жатыр. Қазір әділет министрлігінің көптеген қызметтері бойынша интернет арқылы төлем жасауға болады», - деді Ә. Сәрсенов.

Оның ақпаратына сәйкес, 24 мамырдағы жағдай бойынша, е-үкіметтің порталы арқылы еңбек, әділет және қаржы министрліктерінің 213 мыңнан аса электрондық анықтамасы берілді.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, анықтаманы үйде отырып алуға да болады. Біз қазір анықтамалардың бәрін үйден шықпай алу үшін жағдай жасап жатырмыз. Бұл үшін электрондық қолды қолдану қажет. Бұл біздің бас ауруымызға айналды», - деді Ә.Сәрсенов.

Сонымен қатар, ол электрондық тасымалдаушысы бар куәліктердің әлеуетін заңдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. «ID-куәліктің чипіне ЭСҚ жазып қоюға болады. Бұл техникалық түрде ұйымдастырылған. Тек оны пайдалануды заңдастыру ғана қажет», - деді ол.

Электрондық төлемдер электрондық төлем және несие карталары жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ІІМ айыппұлдарын қолма-қол төлем жасау терминалдары арқылы төлеу жүйесін енгізу шаралары атқарылып жатыр. Бұл жоба жүзеге асырылған соң терминалдар барлық мемлекеттік органдар үшін салықтар, алымдар, басқа төлемдер бойынша төлемақыларды қабылдайтын болады.

ҚР статистика жөніндегі агенттігінің ресми мәліметтеріне сәйкес, республика экономикасында 2010 жылдың наурызында 8,1 млн адам жұмыспен қамтылған.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2010 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, банктер 7,8 млн төлем карталарын шығарған. Аталған карталарын ұстаушылардың саны 7,4 млн адамнан асады.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3531