Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3479 0 пікір 21 Шілде, 2015 сағат 09:05

ПУТИН ЕКЕНШІ «ӘЙЕЛІНЕ» ҚАШАН ҮЙЛЕНГЕН?

Бұрынғы КСРО-ның халық әртісі, бүгінгі РФ Мемдумасының депутаты Иосиф Кобзон Путиннің екінші әйелі туралы білетіндігін айтып жүр.

«Журналистер менен «Путин қашан үйленеді?» деп сұрап қоймайды. Әсіресе, шетелдік журналистер осы сұрақтың жауабын естуге аса ынтық. Мен оларға Путин екінші рет баяғыда үйленген деп жауап беремін. Ал, олар таң қалып: «Той қашан болады?» деп сұрайды. Мен оларға айтамын, Путин Ресейге үйленген деп. Ал, егер шындығына келер болсақ, Путин үшін РФ-дан басқа ештеңе де жоқ», - дейді Иосиф Кобзон.

 Кобзонның ойынша, Владимир Путиннің Ресей Федерациясына деген махаббаты бұл елді жойылып кетуден сақтап тұр. «Егер Путин қандай да бір себеппен президенттік билікті тастап шықса (мәселен, шаршап, қажып), Ресей өмір сүруін тоқтатады», - деген сөздерді айтады депутат-әртіс.

Абай-ақпарат 

0 пікір