Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3353 0 пікір 21 Шілде, 2015 сағат 09:42

АХМЕТОВ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Кеше Серік АХМЕТОВ, Бауыржан ӘБДІШЕВ және Мейрам СМАҒҰЛОВ бастаған «әкімдер аллеясының» сотына төрағалық ететін адам да табылды әйтеуір. «Табылды әйтеуір...» деп отырған себебіміз – бұған дейін халық тарапынан жақсы пікірлер қалыптасқан осынау ҮШТІКті соттау мәселесі «соттағы шенеуніктер» үшін бірқатар қиындықтар туғызған болатын. Ашығын айту керек, бұлардың сотына басшылық жасауға жергілікті қарағандылықтардың ешқайсысы да онша-мұнша құмарта қойған жоқ еді, әйтсе де басталған істің әйтеуір бір аяқталуы да заңдылық емес пе – енді міне, Қарағанды облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында еліміздің экс-премьері Серік Ахметовке қатысты қылмыстық істің тіркелуі аяқталып, сот төрағасы болып Исламхан ЕСЕНБАЕВ тағайындалды.

Қазіргі кезде осынау сот процесі өтетін мәжіліс залы да (Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 37) анықталды.

Есімізге түсіре кетейік, жақын арада өткізіледі деп (күні әзірге белгіленген жоқ) күтіліп отырған сот процесінде айыпталушылар орындығына 21 адам отырмақ. Олардың ішінде еліміздің экс-премьері Серік Ахметов, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев, Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов және аталған әкімдіктер мен коммерциялық ұйымдардың бірнеше қызметкерлері бар.

Марат МАДАЛИМОВ.

Абай-ақпарат

0 пікір