Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4170 0 пікір 21 Шілде, 2015 сағат 13:14

ПУТИННІҢ ОТСТАВКАҒА КЕТКЕНІ ТУРАЛЫ ХАБАР ТАРАДЫ

Украина күнделікті жаңалықтары(News Daily Ukraine) басылымы ресейлік НТВ арнасына сілтеме жасап, Ресей президентінің отставкаға кеткені туралы хабар таратты. 

Хабарламада, Мәскеу уақыты бойынша сағат 11:00-де Путиннің жақын ортасына президенттік қызметтен кететінін, сонымен қоса саяси жұмыстарды бір жола қоятынын мәлімдейтіні, әрі президенттік жұмыс Медведовке тапсырылатыны туралы айтатыны жазылған.

Алайда, НТВ арнасында жоғарыдағыдай мәлімет жоқ.

Еске салсақ бұған дейін де, бір аптадай ел алдына шықпаған Путинді "өлді" деген қауесет тараған еді.

 

Абай-ақпарат

0 пікір