Жексенбі, 1 Қараша 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 111953. Жазылғандар — 106310. Қайтыс болғандар — 1825
Абай.tv 19312 3 пікір 21 Шілде, 2015 сағат 19:15

ТӨЛЕН ӘБДІКТІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Жазушы Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармашылығына арналған "Қазақфильм" туындысы. Фильм 2012 жылы дайындалған.

Белгілі қаламгер Төлен Әбдіков 1942 жылдың 4 қыркүйегінде, Қостанай облысы Жангелдин ауданы Еңбек ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген Қайраткері (2002). 1965 жылы Қазақ Ұлттық университетін бітірген. 1965-70 жылдары "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1970-77 жылдары "Жалын" альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977-79 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында бас редактор, 1979-90 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінде жауапты қызметте болды. 1990-92 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болды. 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі. 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары.

Төлен Әбдіковтың шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады. Бірінші "Көкжиек" жинағы 1969 жылы, одан кейін "Күзгі жапырақ" 1971 жылы жарық көрді. 1974 жылы  "Ақиқат" атты повестер мен әңгімелер жинағы дүниеге келді.  1979 жылы "Айтылмаған ақиқат " әңгіме-повестер жинақтары, 1980-1981 жылдары орыс тілінде "Истина" әңгімелері мен повестері деген атпен жарық көрген. 1985 жылы "Өлі ара", "Біз үшеу едік" пьесасы республикалық  театр сахналарында қойылды. Грек аңыздары "Эллада ерлерін"  қазақ тіліне аударған. Бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылған. 1987 жылы "Ақшоқыда қыс қатты" және 2002 жылы "Парасат майданы" жазылған. «Парасат майданы» повесі тосындылығымен ерекшеленіп, бұл туынды ПЕН-клубтың сыйлығын иеленіп, Халықаралық Франц Кафка атындағы орденімен марапатталды. Халықаралық Ф. Кафка атындағы Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлығының лауреаты (2003). Еуропалық алтын медальдің (2003), Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері (2004). 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  (2004).

Тұңғыш рет 1969 жылы «Көкжиек» әңгімелер жинағы жарық көріп, қазақ әдебиетіне философиялық проза жанрын ала келген белгіл жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Төлен Әбдіков 70 жаста. 

Жазушы 10-нан астам повесть, әңгіме, 1 роман, 2 пьеса авторы. Ал, тырнақ алды «Райхан» атты әңгімесін қаламгер 20 жасында жазыпты. Бұдан кейін де Төлен Әбдіковтың қаламы қарымды бола түсті. "Күзгі жапырақ", "Ақиқат", "Айтылмаған ақиқат", орыс тілінде "Истина" атты повестер мен әңгімелер жинағы оқырмандарға ұсынылды. "Өліара", "Біз үшеу едік" пьесасы республикалық театр сахналарында қойылды. Грек аңыздары "Эллада ерлерін" қазақ тіліне аударған. Сонымен қатар, бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылды. 2002 жылы жазылған "Парасат майданы" повесі тосындылығымен ерекшеленіп, ПЕН-клубтың сыйлығын иеленіп, Халықаралық Франц Кафка атындағы сыйлығымен марапатталды. Ал, соңғы жылдары «Ардагер» атты пьеса мен «Тұғыр мен ғұмыр» атты повестіжарыққа шығарды. «Ардагер» пьесасы Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған драматургиялық шығармалар байқауында бас жүлдені жеңіп алғандығын оқырмандар жақсы біледі.

Abai.kz

3 пікір