Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3623 0 пікір 22 Шілде, 2015 сағат 11:12

ГОЛОВКИН АМАРИКАЛЫҚТАРҒА «БОРАТТЫ» ӨТІРІК ДЕДІ

Америкалық TMZSports танымал порталының тілшісі қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен кішігірім сұхбат алды. Репортер спортшыдан "Борат" фильмін көрдіңіз бе?" деп сұрайды. Геннадий "Иә, көрдім, бірақ барлық көрсетілгендер - өтірік" деп жауап қатады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Боксшының айтуынша, фильмдегі әзіл жарасымсыз, ал кино күлкілі емес. "Бұл Қазақстан емес, бұл нағыз Қазақстан емес", - дейді Геннадий.

"Ал бұл фильмнің екінші бөліміне, яғни "Борат 2" туындысына түсуге шақырса не істер едіңіз" деген сұраққа Головкин қысқа ғана "Жоқ, жоқ" дейді.

Еске салайық, 33 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин кәсіби рингте бір де бір рет жеңіліп көрмеген. Қазіргі уақытта ол АҚШ-та жаттығуда.

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен IBF тұжырымы бойынша чемпион, 26 жастағы Давид Лемье арасындағы жекпе-жек 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді

 

Абай-ақпарат

0 пікір