Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Билік 6772 0 пікір 22 Шілде, 2015 сағат 13:31

АСТАНАДА «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ТРИПТИХЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

ҚР Ұлттық музейінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» триптихының (картиналар) тұсауы кесілді.

Шара барысында хандық дәуір мен қазіргі заманнан сыр шертетін 3 көркем сурет таныстырылды. Бұл суреттерді сызуға Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ерболат Төлепбай бастаған бір топ суретшілер бірнеше жылдарын арнады. 

Триптихтың композициялық және көркемдік мәйегі Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті. Әлемдік деңгейдегі саясаткердің бейнесі ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы қазақ мемлекеттілігінің дамуы контексінде суреттелген. Сурет ортасында Ұлт көшбасшысы уақыт кеңістігінде кетіп бара жатқандай бейнеленген, бұл еліміздің өткені мен болашағын біріктіретін тарихи шекараны білдіреді. 

Триптихтың екінші бөлігі қазақ халқының дәстүрлі заңдар жинағы «Жеті жарғыға» арналған. Композиция ортасында Тәуке хан мен қазақтың үш биі және басқа да тарихи тұлғалар сызылған. 

«Мәңгілік ел» триптихының тағы бір бөлігі Қазақ хандығының негізін қалаушылар - Керей мен Жәнібек хандарға арналған. Бұл картиналар Қазақстан Ұлттық музейінде тұратын болады. 

«Өздеріңіз білесіздер, бұл жыл Қазақстан үшін ерекше жыл. Биыл біз Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтеміз. Жалпы алғанда, жыл соңына дейін еліміздің түкпір-түкпірінде осы айтулы датаға байланысты 200-ден астам іс-шара өтеді. Мереке Астанада 11 қыркүйекте тойланып, 9 қазанда Тараз қаласында жалғасатын болады», - деп атап өтті Б.Сапарбаев.
2 3 4 5 6 7 8 9 

ҚазАқпарат

0 пікір