Жұма, 19 Сәуір 2024
Өзгелер 5247 0 пікір 23 Шілде, 2015 сағат 12:41

ИМ: ЕРДОҒАНДЫ «ПҰТҚА ТАБЫНУШЫ» ДЕП АЙЫПТАДЫ


Жуырда Түркия үкіметі елдегі ИМ (Ислам мемлекеті) ұйымының  ақпараттық насихат жүргізетін үш интернет сайтын бұғаттаған соң, бұл сайттардан Түркияға қарсы ашық қоқан -лоққы мәлімдемелер жариялана бастады.

darulhilafe.com сайтында  Түркия билігі сайттарға салынған бұғаттауларды алмаса, бұлай жалғастыра берсе, бұл істеріне жауап берілетінін жариялады. Ал, ИМ- нің түрікше жарық көретін Konstantiniyye журналы болса, Ердоғанды «пұтқа табынады» деп  қатаң айыптады.

 

14 және 17 Шілде күні Түркияның телекоммуникация және байланыс министрлігі қаулы  қабылдап, сот шешімімен  ИМ- нің enfalmedya.com, takvahaber.net және darulhilafe.com сайтында бұғаттап тастаған болатын.

Шешімге наразылығын білдірген darulhilafe.com сайты Түркия үкіметіне тағұт (пұтқа, шайтанға табынушы) деп ат қойып, мұсылмандарға дұшпандық жасауда деп айыптады.

Darulhilafe.com: қысым көрсету жалғасын тапса Түркияға басқа жаңа бет ашамыз

Мәлімдемеде «Соңғы уақытта Түркия үкіметінің елдегі мұсылмандарға жасаған қысымдары күшейе түсті. Сирияда соғысып келген «Жиһадшы» бауырларымызды және өз қалауымен  ИМ- ді қолдаған ел ішіндегі Түркия азаматтарын жазықсыз тұтқындауы, баспасөз бен діни сенім бостандығын шектеуі биліктің  шынайы бет бейнесін ашып берді» делінген.

ИМ Жазбасында Түркияға қарсы ашық қоқан- лоққы көрсетіледі:

«Қазірге дейін Түркияға еш зияны тимеген, шабуыл жасамаған мұсылмандардың бостандығын шектеу арта берсе, мұсылмандардың да бұған қарымта жауап беретінін ұмытпасын. Бұл қысымдар және кедергілер жалғасын тапса, Түркияға қарсы басқа жаңа бет ашатынымызды жеткіземіз» делінген.

Konstantiniyye журналы Ердоғанды «пұтқа табынушы» деп қатаң айыптады

El Hayat медиасынан шығатын ИМ- нің түрікше Константиние журналы екінші нөмірін жариялады. «Ердоған басқаратын күрд мемлекеті» тақырыбындағы мақалада   «Тағұт Ердоған сені  мұджаһит (Алла жолында соғысушы) деп жақтап келдік. Бірақ сен бізді, мұсылмандарды, сатып кеттің, халықтың сенен күткені көп еді, енді бұл үміттері сөнді. Ендігіден бастап үкімет- дінін және дін жолындағы мақсатын ұмытқан, жасанды қылыққа енген режим болды» делінген.

ИМ Алла жолындағыдан басқаның бәрімен соғысады

«ИМ неге күрдтермен соғысып жүр?» деген сұраққа  PYD  және (Сириядағы күрдтердің демократиялық бірлік партиясы)  PKK  (Түркияның Оңтүстік Шығысында тұратын күрдтердің кейбірі қарулы жасақтары) - ға да тағұт деп есім беріліп «күрд ұлты үшін ғана соғысып жүрген кәпірлер» деп сөгеді. ИМ мұджаһидтары шайтанған табынған, нәсілі үшін ғана соғысқандармен Алла жолында соғыспақ.

Пұтқа табынатындар ИМ мемлекетінің шайтанға табынған езидтермен соғысын  «күрдеттерге қарсы жасалған қырғын» деп бізге қарсы айдап салды.  Езидтер мен PKK Израильдің қолдап отырған иттері. Израильдің көздегені Күрдістан құру. Ал, біздің мұджаһит бауырларымыздың мақсаты Ислам мемлекеті жерлерінде шайтанға табынатын Күрдістан мемлекетінң құрылуына жол бермеу деп, соңғы екі ай ішінде болған ИМ соғысының барысын ақтайды.

Сондай- ақ, «дегенмен, кейбірі тегі үшін соғыстың қате екенін түсініп, қазіргі таңда ИМ сапында жихад үшін иман еткен езид ерлер, тұтқынға түсіп кейін мұджаһиттармен тұрмыс құрған әйелдер де бар» деп айтып өтеді. Барлығы  мынаны  түсінгенін қалаймыз: ИМ- нің соғысы- нәсілшілдік соғысы емес, дін үшін соғыс.

ИМ- нің ең ұлы мақсаты Ыстамбул және Римді алу

60 беттік Konstantiniyye журналында елдегі мұсылмандарды ИМ жаулап алған жерлерге хижрат етуге шақырады. Қазір Рамади және Хумусты жаулау аяқталғаны, ең соңғы үлкен мақсат Ыстамбұл және Римді алу екені айтылады.

Мақаланы аударып, әзірлеген Тұрықбайұлы Назар

Abai.kz

0 пікір