Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Қоғам 6122 0 пікір 23 Шілде, 2015 сағат 13:53

РЕЙД. БАРДЫ ҚУДЫҚ ПА, ЖОҚТЫ МА?...

«Нұр Отан» партиясы еліміздегі билеуші саяси партия болғандықтан, оның халық арасында беделі де жоғары. Қазір құқығы тапталған, әділдік таппаған адамдардың дені «Нұр Отанға» шағым айтады. Тиісінше, оның нәтижесі де болып жатады. Өйткені, партия Елбасы жүктеген тапсырмалардың, мемлекеттік бағдарламалардың қай деңгейде орындалып жатқанын бақылайтын мекемелердің бірі. Жуырда «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы облыстық әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері мен журналистердің қатысуымен Талдықорған қаласындағы жол қозғалысын бақылау рейдін ұйымдастырды.

 «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің инспекторы Ғалия Байдилдинова: «Бұл шара «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасын жүзеге асыру, Жол картасы аясында Алматы облысы бойынша жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік апаттарын алдын алу, сондай-ақ, жол қозғалысы ережесін бұзу және лауазымды тұлғалардың қызмет бабын асыра пайдалану фактілерін анықтау мақсатында өткізілді» деп хабарлады.

Келісілген уақытта келісілген жерге барып, қаладағы жол қозғалысын МАИ қызметкерлерімен бірге бақыладық. Айналдырған жарты сағаттың ішінде құрыққа үш жүргізуші келіп түсті. Бірі – көлік тұрағына емес, дүкеннің дәл алдына, тротуарға көлігін қойып қойған жүргізуші, екеуі – жарығын жақпаған жүргізушілер. Үшеуі де – қазақтың азаматтары. Үшеуіне де хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Үшеуі де уәж айтқысы келді, айтуға мүмкіндік бермеді МАИ қызметкері. Жұмған аузын ашпаған күйі, көздері мөлиіп, жүйкесі жұқарып, айыппұлын арқалап кете барды қарагөздеріміз. Жүргізуші «Бірдеңе» деп ауыз ашса, жол полициясы да заң-законның сілтемесін келтіріп, аузы-аузына тимей қарсы сөйлеп, дікеңдеп тұрды. Төртінші болып «құрыққа» түскен Land Gruzer маркалы автокөлік иесі жол жүру ережесін бұзғанын мойындамады. Май қызметкеріне: «Құжатыңызды көрсетіңіз», «Мені тоқтатуға қандай негіз бар?», «Вечерканы (Вечерний Талдықорған» газеті – ред.) шақырамын», «Жол жүру ережесін бұзған жоқпын» деп сөзді көбейтіп, көлігінен түспей біршама кергіді. Ол да жарық жақпай келе жатқан еді. Жол патрульдік полициясы оны сол себепті тоқтатты. Біз оның жарық жақпай келе жатқанын суретке де түсіріп үлгергенбіз. Суретті көрген соң, басқаша сөйлей бастады. МАИ қызметкерін шеткері шығарып, жеке де сөйлесті. Содан кейін бірден жол патрульдік полициясынан емес, бізден кешірім сұрап, жол ережесін бұзғанын мойындады. Жалынып, жалпайып, хаттама толтыртпай, жібере салуын өтінді. Хаттама толтыруға келгенде МАИ қызметкерінің де жүйрік саусақтары жүрмей қалды. Әлгінде қазақ азаматтарына дікеңдеп, бас салып хаттама толтырып, айыппұл салған полиция, Ярославь ныспылы азаматқа келгенде қалтырап қалды. Рейдте емес, бейне бір ұлтаралық мәселенің жиынында, соны шешуге жүргендейміз. МАИ қызметкерін емес, «Нұр Отанның» өкілін айналшықтап «кешірім» сұрап жүргенде бізбен бірге рейдте жүрген Самат Есқұлов мемлекеттік нөмірлі автокөліктің тоқтамай өтіп кеткенін, тезірек көлікке отырып, артынан қуу керек екендігін айтты. Ал, өзі болса оған дейін жолдың жиегінде әлдебір актокөлікті тоқтатып алып, оның жүргізушісімен әңгімелесіп тұрған. Аяқ астынан бізді асықтырып, дүрліктіріп, жолға шығарды. Өзі манағы әңгімелесіп тұрған көлікке отырып, бірінші кетті. Біз соңынан ердік. Сөйтіп, әлгі өзге ұлт өкілі жайына қалып, апыр-топыр көлікке отырып «бандыны қуып» кеттік. Жол патрульдік полициясының қызметтік көлігіне отыра салып, дабылдатып, бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп, жылдамдықты асырып «бандыны» ұстап алатындаймыз. 500 метрдей жүрген соң «ұстай алмай қалдық, бағдаршамның қызыл белгісіне түсіп қалып, жіберіп алдық» деді Самат Есқұлов телефон арқылы.  Банды да жоқ, сайтан да жоқ, хаттама толтырылуға тиіс азамат та жоқ, тұрған орнымызға айналып келдік. Ал, Самат болса, біз соңынан қуған автокөліктің нөмірін де есіне сақтамапты. «192 ме 102 ме, әйтеуір бір мен екісі бар» деп қояды. (Жол сақшылары айналдырған 3 санды жаттай алмаса, басқасынан не қайыр...) Әлгі төртінші тоқтатылған заң бұзушының жолы болды ма жоқ басқа ма... Ол жағы беймәлім.

Рейд барысында жалпы саны 20 хаттама толтырылған. Оның 19-ы жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшіліік жауапкершілікке тартылды.

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының бізге берген мәліметінше, рейд жұмысының қорытындысы бойынша сыртқы жарық түсiру аспаптарын қолдану қағидаларын бұзуы, көлiк құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына жиырмадан қырық километрге дейiнгi шамаға арттыруы, жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамауы, көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзуы, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе тоқтап тұруы, қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамауы сияқты кемшіліктер жиі орын алатындығы анықталған. Ғалия Байдилдинованың айтуынша, алдағы уақытта бұл рейд жылдың әр тоқсаны сайын өткізіледі. Ол кезде заң бұзған азаматтардың аты жарияланатын болады.

Шынаргүл ОҢАШБАЙ.

Abai.kz

0 пікір