Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6922 0 пікір 23 Шілде, 2015 сағат 18:36

«АҢСАР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ


«Инновациялық даму» ҚБ журналисттер клубының қамқорлыққа алумен ҚР Білім және ғылым министірлігінің қолдауымен жас жазушылар, журналистика факультетінің студенттері және қазіргі таңда жұмыс атқарып жүрген журналистер арасында «Аңсар» атты республикалық әдеби байқауын жариялайды.

 Байқаудың ұйымдастырылу мақсаты – қазіргі қазақ әдебиетін, отандық журналистика және басылымдарды дәріптеу және де жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және қолдау. Байқауға журналистикаға, поэзияға қызығушылығы бар, прозалық шығармалар жазатын 14 пен 29 жас аралығындағы жастар шақырылады. Байқау келесі номинациялар арқылы өткізіледі: «2015 жылдың үздік жас прозашысы», «2015 жылдың үздік жас ақыны», «2015 жылдың үздік жас тележурналисі». Байқау жұмыстарының жалпы талаптары: Байқау жұмысын мемлекеттік және орыс тілдерінде жазуға болады. Бір автор бірнеше жұмыс жібере алады. Материал мәтінінің көлемі 3 000 белгіден кем болмауы тиіс (аралықсыз, әріп - Times New Roman, 12 кегль, арақашықтығы -дара). «2015 жылдың үздік тележурналисі» номинациясына ұсынылған бейнематериалдың көлемі 5 минуттан артық болмауы тиіс. Байқау жұмыстарын мына электрондық мекенжайға жіберу ұсынылады: konkurs_ansar2015@mail.ru (үлкен көлемдегі бейнематериалдар үшін гиперсілтемені файл айырбастау қорына жіберуге рұқсат етіледі).

Байқау жұмыстарының міндетті талаптары мыналар:

- материалдың актуалдығы;

- қоғамдық маңыздылығы;

- материалды ұсыну мәнері және ерекшелігі;

- деректілік және фактографиялық нақтылық;

- жанрлық өлшемге сәйкестік және ұсынылған мәліметтің толыққандылығы;

- таңдалған мәліметтердің жаңашылдығы және бірегейлігі.

 

Абай-ақпарат

0 пікір