Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3777 0 пікір 25 Мамыр, 2010 сағат 05:29

Батыс Қазақстанда ақбөкендердің жаппай қырылуын толығымен зерттеу үшін ведомствоаралық комиссия құрылып жатыр - АШМ

Астана. 24 мамыр. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Батыс Қазақстанда ақбөкендердің жаппай қырылуын толығымен зерттеу үшін ведомствоаралық комиссия құрылып жатыр, деп АШМ орман және аң шаруашылығы комитетінің төраға орынбасары Қайырбек Мұсабаев мәлім етті.

«Қазіргі уақытта экологиялық апат ауқымын ескере отырып, ... республика деңгейінде комиссия құру жөнінде премьер-министр кеңсесінің нұсқауы бар», - деді Қ. Мұсабаев дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, комиссияға ауыл шаруашылық министрлігінің (АШМ), қорғаныс, ТЖМ, қоршаған ортаны қорғау, ғылым мен білім, денсаулық сақтау министрліктері, ҰҚК шекара қызметі мен басқа да мүдделі мемлекеттік орган өкілдері кіретін болады.

Қ. Мұсабаевтың айтуынша, «бұрындары ақбөкендердің мұншама қырылуы байқалмаған».

Бұрын хабарланғандай, ақбөкендердің қырылу себебі инфекциялық кесел - пастереллез болғаны анықталды. 

АШМ АӨК мемлекеттік инспекция төраға орынбасары Ахметжан Сұлтановтың айтуынша, кеселдің күрт өсуіне көктем әсер еткен. «Жануарлар қыстан әлсіреп шықты... кеселдің тасымалдаушылары топырақта, су қоймаларында болып, оларды кеміргіштер де тасымалдауы мүмкін», - дейді ол. 

Ауыл шаруашылық министрлігінің өкілдері де БҚО-ның Жәнібек ауданының Борсы мен Жақсыбай ауыл округтарынан басқа жерлерінде ақбөкендердің өлуі байқалмағанын айтады.

А. Сұлтанов бұл тұста, «жаппай қырылу себебі алдын ала емес, кесімді қорытынды» екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол «жаппай қырылуға улану да жанама әсер етуі мүмкіндігін» мойындады.

«Улану кезінде жануар ағзасы әлсіреп, ондағы бар қоздырғыш инфекция түрінде көрінуі ықтимал», - деді ол. Бірақ ол бұл туралы нақты айту әлі ерте екенін жеткізді. «Зерттеулер жүргізілуде, егер осындай нәтиже алынған болса, біз жариялаймыз. Бірақ бүгінге қырылу себебі - пастереллез», - деді ол. Оның айтуынша, өлген ақбөкендердің саны 3 мың 271 бас.

Бұрын хабарланғандай, ақбөкендер жаппай қырылған өңірде дезинфекциялық шаралар, өліктерді көму, сондай-ақ үй жануарларын вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаппай қырылу орындарынан топырақ, су мен шөп нұсқалары алынып, облыстық зертханаға жіберілді. «Мұндай нұсқалар республикалық референц-зертханаға да жеткізілді».

Еске сала кетсек, Батыс Қазақстан облысында (БҚО) Жәнібек ауданындағы Қараоба, Жанібек, Таловка елді мекендерінің маңында 3,2 мың бас ақбөкен өлігі анықталды. 

Ветеринарлардың мәліметтерінше ақбөкендерде улану белгілері анық.

ҚР АШМ-нің орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев өткен жұма күні «ақбөкендердің жаппай қырылу фактісі бойынша зертханалық тексеруден соң міндетті түрде қылмыстық іс ашылатынын» мәлім еткен. 

Пастереллёз - геморрагиялық септицемия (қанның улануы), адам мен жануарлардың инфекциялық кеселі. Ол қан улануы мен тыныс алу жолдарының кілегей қабыршықтары мен ішектің қабынуы және сондай-ақ өкпе қабынуы мен ісінуі арқылы көрінеді. Бұл кеселдің қоздырғышы - пастеррелла бактериясы. Қоздырғыш көздері - ауру және ауырған малдар.

0 пікір