Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4058 0 пікір 24 Шілде, 2015 сағат 12:40

550 МИЛЛИОН ЖЫМҚЫРҒАН ОФИЦЕРЛЕР СОТТАЛУДА

ҚР Әскери соттың төрағасы Сәкен Абдуллаевқа сілтеме жасап, «Астанада 500 миллион теңге ақша жымқырған офицерлер сотталып жатыр», - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Абдуллаев баспасөз мәслихаты кезінде: "Сот процесі басталды (...) Сотқа кез келген азамат, тілшілер қатыса алады", - деп мәлімдеген.

ҚР Қорғаныс министрлігі 42062 әскери бөлімінің капитаны  А. Пұсұрмановтың жетекшілігімен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты мемлекет қаражатын, яғни 547 миллион 703 мың 924 теңгені заңсыз иемденгені үшін қылмыстық іс қозғалды. 

Әскери соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс сотқа 2015 жылдың 13 шілдесінде келіп түсті, 16 шілдеде өндірістік сотқа қабылданды. Қазір қамаудағы алты күдіктіні Жамбылдан Астанаға әкелу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мәліметте қылмыстық істің көлемі 66 томнан тұратыны хабарланған. Жәбірленуші тарап ҚР Қорғаныс министрлігі, іс бойынша 21 адам куәгер болады, сегіз адам күдікті ретінде танылды. Күдіктілер Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері, одлардың жетеуі офицерлер, біреуі келісімшартпен жұмыс істеп жатқан қызметкер.

Іс материалдары бойынша, Жамбыл облысының Луговое станциясындағы 42062 әскери бөлімінің капитаны А. Пұсұрмановтың басшылығымен ұйымдасқан топ 2008 жылдың 1 қаңтарынан 2014 жылдың 21 тамызына дейін 547 миллион 703 мың 924 теңгені заңсыз жолмен әскери қызметкерлер мен басқа да адамдардың шоттарына аударып отырған, сонымен қатар 53 миллион 950 мың 949 теңгені зейнетақы шоттарына аударған.

 

Абай-ақпарат

0 пікір