Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3867 0 пікір 24 Шілде, 2015 сағат 14:11

СЕЛДЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК ЕСЕПШОТЫ АШЫЛДЫ

Алматы қаласында сел тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсететін штаб құрылды, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен.

«Алматы қаласының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сел ағынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін штаб құрды. Ол Алматы қаласы Достық даңғылы, 160 мекенжайы бойынша Кәсіпкерлерді қолдау орталығында орналасқан (тел. 8 727 331 01 33). Штабта азық-түлік, киім және т.б. жиналады. Штабтың жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін», делінген хабарламада. 

Сондай-ақ зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетушілер үшін RBK BANK, ИИК KZ 088210339812162864 есепшоты ашылған.

Сонымен қатар зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін бірқатар әншілер қайырымдылық концертін бермек. Бұған қоса мұқтаж жандарға жәрдем беруге түрлі қоғамдық бастамалар көтеріліп жатыр.

Естеріңізге салатын болсақ, өтенше оқиға  23 шілде күні түнгі сағат 03:00 шамасында орын алып, көлдегі бөгеттің бұзылуынан 40 мың текше метр су асқан. Тасқын су Қарғалы өзеніне құйып, одан асқан су Алматы қаласының үш ауданын ішінара басып өтті. Соның ішінде Наурызбай ауданы сел тасқынынан көбірек жапа шегіп отыр. Сонымен бірге Қарғалы өзені бөгеті маңынан 1036 адам қауіпсіз жерге шығарылды. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621