Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4387 0 пікір 27 Шілде, 2015 сағат 18:40

АБАЙДЫҢ ҚОРЫҚ-МҰРАЖАЙЫ ОРЫНБОР ОБЛЫСТЫҚ МҰРАЖАЙЫМЕН МЕМОРАНДУМ БЕКІТТІ

Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы Ресейдің Орынбор қаласындағы облыстық бейнелеу өнері музейімен шығармашылық меморандумын бекітті.

Ұлы ақын мұражайы осы уақытқа дейін Ресей елінің ірі әдеби музейлерімен, атап айтқанда: Мәскеудегі А.С.Пушкин және Л.Н.Толстой мемлекеттік музейлері, Л.Н.Толстойдың «Ясная Поляна» қорық-музейі және Омбы қаласындағы Сібір қазақтарының аймақтық «Мөлдір» мәдени орталығымен шығармашылық серіктестік туралы меморандумдар бекіткен еді.

Ресейлік өнер музейімен бекітілген меморандум Абай мұражайының халықаралық байланыстар аясын кеңейтіп, бірлескен жобалар мүмкіндігін молайтуға негіз болмақ.

Абай-ақпарат 

0 пікір