Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 14715 3 пікір 29 Шілде, 2015 сағат 14:58

Ғұндар Керей, Уақ, Сіргелімен, Қидандар найманмен туыс

Ғұн қазақ жəне арийлердің өзара туыстық байланысы анықтады. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің "Елдің тарихы мен мəдениеті - Болашағы тұтас ұлт" тақырыбында өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Әлібек Асқаров ғалымдар зерттеуіне сүйене отырып мәлімдеді.

Зерттеуші ғалымдар қазақ халқының ДНҚ-сын (ДНҚ - Дезоксирибо нуклеин қышқылы, генетикалық ақпаратты тасымалдаушы молекулалар, тірі ағзадағы генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін,сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының бірі - ред.) ежелгі жауынгер халық хунну (ғұн) мен арийлердің ДНҚ-сымен салыстырған .

«Нақтылап айтсақ, осыдан 4000 жыл бұрын өмір сүрген андроновтардың гені қазақтардың қазіргі Табын руында кездескен. Дүние жүзінде ең алғашқы болып жабайы жылқыны қолға үйретіп, дөңгелекті арбаны ойлап тапқан да осы арийлер болған. Ал «хунну», кейіннен ғұн атанған халық біздің қазіргі Керей, Уақ, Сіргелі руларымен туыс болып шықты. Ежелде алып империя құрған Қидандар бүгінгі наймандардың ата-тегі екендігі айтылуда. Ғалымдар мұндай қорытындыға Қытайдың солтүстігінен табылған Еген Гол, Дүрлі Нас, Бар Кол қорымдарында жерленген жауынгерлерінің ДНҚ-сын зерттеу арқылы келіп отыр», - дейді Əлібек Асқаров.

Абай-ақпарат

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522