Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4095 0 пікір 30 Шілде, 2015 сағат 12:16

ӘБІЛЯЗОВТЫҢ БАЛДЫЗЫ ШАЛАБАЕВ ВИЛЬНЮСТЕ ҰСТАЛДЫ

Екі жылдан астам уақыт бұрын Біріккен Корольдіктің соты Сырым Шалабаевты 18 айға бас бостандығынан айыру жазасына кескен, бірақ ол әділ соттан жасырынған соң, оған іздеу жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

С.Шалабаев жездесі болып табылатын БТА банкі басқармасының бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязовпен және өзге тұлғалармен бірге Қазақстан, Украина, Ресей және басқа елдерде бірнеше миллиард доллар көлеміндегі соманы құрайтын мүлікті ысырап ету немесе иемдену фактісі бойынша күдікті деп танылған болатын. Украина елі С.Шалабаевқа Интерпол арналары бойынша халықаралық іздеу жариялады. Украинада ол 300 млн. долларды құрайтын мүлікті иемденген немесе ысырап еткен. 

Абай-ақпарат

0 пікір