Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4206 0 пікір 30 Шілде, 2015 сағат 12:54

Мұнай өнімдерін ЕАЭО шегінен тыс жерлерге әкетуге уақытша тыйым салынды

ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін ЕАЭО аумағы кеден шекарасынан  тыс жерлерге әкетуге тыйым салды. Бұл туралы ведомство басшысының 2015 жылғы 26 маусымдағы №437 тиісті бұйрығы ресми БАҚ-та жарияланды.

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 10-бөлімінің 7-ші қосымшасына және 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы мұнай және мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасына жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері  ішкі нарығында   мүлдем жетіспеушілікті және бағаның өсімін болдырмау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасынан тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан тұрмыстық пеш отынынан басқа жеңіл дистиляттарды (СЭҚ ТН КЭО коды 2710 12), орташа дистиляттарды, керосинді, газойлдарды, дизель отынын (СЭҚ ТН ЕЭО коды 2710 19 110 0 - 2710 19 290 0, 2710 19 350 0 - 2710 19 480 0, 2710 20 110 0 - 2710 20 190 0) және өзге мұнай өнімдерін (СЭҚ ТН ЕЭО коды 2710 20 900 0) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізуді бұйырамын», - делінген құжат мәтінінде.  

Абай-ақпарат

0 пікір