Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 5775 0 пікір 30 Шілде, 2015 сағат 18:26

ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТЕРІ, ҚАШАНҒЫ БҰЛАЙ ЖҮРЕ БЕРЕМІЗ...

Қазақ журналистері, қашанғы бұлай жүре береміз... аудармашы болып?! Алты жыл өмірімізді осы шертиген шенеуніктердің орысша оттаубайларын аудару үшін қиып па едік?! (Кәсіби аудармашыларға қатысты арам ойым жоқ, бұл мүлде басқа аударма). 
Қай жиналысқа барсақ та, қандай шараға қатыссақ та, барлығы "ресми" тілде бұлбұлдай сайрайды. Осы айтқандарыңызды мемлекеттік тілде айтып беріңізші, деп жалынғандай болып, сұрап аламыз. Оның өзін жарытпайды. Ыңыранып-ырсылдап, одан қалса қорсылдап, бірдің басын, екінің аяғын шатиды. Бәрібір одан ештеңе шығара алмаймыз. Айналып келгенде, баяғы сол орысша оттаубайларын аударуға тура келеді. 
Оу, ағайын, сонда мемлекеттік тапсырыс деген нәрсе қазақ тілді журналистердің ғана бас қатыруы тиіс мәселе ме?! Мемлекеттік саясатты мемлекеттік тілде түсіндіру мемлекеттік қызметшілердің тікелей міндеті емес пе?! Міндеті ғана емес, мүддесі болуы тиіс қой! Ендеше біз неге есек сияқты олардың айтқанына көніп, айдағанына жүре беруіміз керек? Баяғыда бір Үкімет отырысы қазақша өткенде, орыс тілді журналистер өре түрегелді емес пе? Олар дым түсінбей қалғандықтан емес, ешкімге есесін жібермейтіндіктен солай істеді. Ал біз болсақ, шенеуніктің шала-пұла бір-екі ауыз қазақша шүлдірлегін жазып алғанға мәз болып жүре береміз... 
Жарайды, жағдайды түзеу үшін не істеу керек? Айту - оңай, әрине. Мына жақта өз бастығың бар жоғары жаққа жалтақтаған. Ол жақта тағы біреу бар өзінің үстіндегіге ләббайлаған. Осылайша кете береді... 
Біз де оларға жалтақтап қашанғы жүреміз?! Қырық күн бура болғанша, бір күн атан болайық та! Біз де ешкімге есемізді жібермейік!!! Осыдан былай шенеуніктердің қазақша айтқандарын ғана насихаттап, орысша айтқандарын орыстілді әріптестерімізге қалдырайық (Олар да солай істейді). Сол кезде мемлекеттік тапсырыстың мемлекеттік тілдегі нұсқасы ақсай бастайды. Сол кезде олар қазақ тілді журналистердің қадірін түсіне бастайды. Сол кезде олар "қысылғанда қымыз шығадының" кебін киеді. Тек сол кезде ғана мемлекеттік тілді менсінбей жүргендер жылы орындарынан айырылып қалмау үшін тіл сындыра бастайды. Әйтпесе, өз ана тілін үйренуге миы жетпейтін "башкавитый" шенеуніктерге мемлекеттік тілді үйрететін басқа жол қалмады.

Әбу-Асқар Мекешұлы

Әдебиет порталы

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3505