Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 7404 0 пікір 31 Шілде, 2015 сағат 20:06

ЕЛБАСЫ ДЕМАЛЫСЫН ТҮРКИЯНЫҢ БОДРУМ ҚАЛАСЫНДА ӨТКІЗДІ

Қазақстан президенті Назарбаев биыл да демалысы үшін Түріктің Бодрум қаласын таңдады. Бұл туралы Түріктің Хүрриет газеті жазды. Президент тоқтаған қонақ үйде көп уақытын жаяу жүруге жұмсаған. Ол сондай-ақ кешкі уақыттарын гольф ойнауға арнапты.

Аталған газет жазғандай, 75 жастағы Назарбаев Бодрумдағы   Rixos қонақ үйінде мейман болған. Жақындарымен бірге барған ол жеңіл киініп емін-еркін серуен жасаған. Демалысы барысында өзін таныған қонақ үй қонақтарымен де амандасыпты.

Президент бұнда он күндей уақыт демалыста болып, содан соң елге қайтқан. Ол бұған дейін де осы қаланың демалыс орындарына тоқтаған екен.

Бодрум – Түркияның оңтүстік батысындағы, Эгей теңізі мен Жер Орта теңізі қосылар тұста орналасқан қала.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3524