Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 4260 0 пікір 4 Тамыз, 2015 сағат 10:28

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА БАЛА ТУУ САНЫ АРТТЫ

Өңiр басшысы кеңеске қатысушыларға Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдiстемелiк орталығы филиалының директорлығына тағайындалған Рүстем Мұқашұлы Елубаевпен таныстырды. Тиiстi бұйрыққа ҚР АШМ кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiндегi Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдiстемелiк орталығының директоры қол қойған.

Рүстем Мұқашұлы Уәлиханов ауданының әкiмi, кейiн СҚО жер қатынастары басқармасының бастығы, Аққайың ауданының әкiмi, СҚО мәдениет, мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының басшысы болды. Өңiр басшысы Рүстем Елубаевты тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметiнде сәттiлiк тiледi.

Бұдан соң аппараттық кеңес қатысушылары 2015 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша Петропавл қаласы мен аудандардың әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындыларын қарастырды. 2015 жылдың 1 жарты жылдығы өңiрлiк өнiмнiң жалпы көлемi 143,3 млрд теңге, ҚҚК өткен жылғы көрсеткiш деңгейiнде сақталған. Өнеркәсiптiк өнiмнiң көлемi 75,6 млрд теңге, ал ҚҚК - 99,2.

1 жарты жылдық бойынша ауыл шаруашылық өнiмнiң көлемi 5,6 пайызға өсiп, 36,3 млрд. теңгенi құрады. Қазақстан бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы 3 орында орналасқан. Iрi қара мал басы - 6, 9 пайызға, қой және ешкi саны - 7 пайызға, жылқы саны - 4, 5 пайызға, құс саны - 6,7 пайызға өстi. Нәтижесiнде ет өндiрiсi 1 пайызға артты (тiрi салмақта), сүт 6,8 пайызға, жұмыртқа 18,2 пайызға артты.

Денсаулық сақтау саласында көрсеткiштердiң жақсаруы байқалуда. Ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығында жалпы өлiмнiң төмендеуi 3,6 пайызды, туберкулезбен науқастанғандар саны 2,0 және туберкулезден қайтыс болғандар көрсеткiшi 23,8 пайызға, онкологиялық аурулардан қайтыс болу 0,3 пайызға төмендедi, бала туу саны 0,2 пайызға өстi.

Ерiк Сұлтанов тиiстi басқармалар басшыларына өңiрдегi ҚҚК-нiң деңгейiн бақылауды тапсырды. «Әрбiр кәсiпкермен жеке жұмыс iстеу қажет», - дедi Ерiк Сұлтанов.

Жиналыста қаралған екiншi мәселе - жаңа оқу жылына бiлiм беру мекемелерiнiң дайындығы. Бұл мәселемен СҚО бiлiм беру басқармасы басшысының орынбасары Владимир Ткаченко таныстырды.

«Ағымдағы жылы бiлiм беру мекемелерiн күрделi жөндеу жұмыстарына 594,5 млн теңге бөлiндi, оның iшiнде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бойынша республикалық бюджеттен 420,37 млн теңге және жергiлiктi бюджеттен 174,16 млн теңге қаражат бөлiндi. Бұл қаражатқа ғимараттар, төбе жабындысы, сумен жабдықтау және кәрiз жүйесi жөнделедi және өзге де қажеттi жұмыстар жүргiзiледi», - деді В.Ткаченко.

Барлық облыстық бiлiм беру мекемелерiнде қазандықтарды жөндеу мен ауыстыру жұмыстары жүргiзiлуде. Көмiр сатып алу мен тасымалдау үшiн келiсiмдер жасалды. Жалпы, 2015-2016 оқу жылында 536 орта бiлiм беру мектептерi жұмыс iстейдi, онда 76 080 мың оқушы бiлiм алатын болады.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610