Сенбі, 20 Сәуір 2024
Билік 4277 0 пікір 6 Тамыз, 2015 сағат 17:55

Құрылыс саласында Ұлт жоспарын түсіндіру

Алматы қаласында 2015 жылдың 05 тамызында Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы (Бұдан әрі - МСҚББ) ұжымының қатысуымен семинар-кеңес өтті.

Іс-шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті қызметкерлері қатысып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының әр кадамын түсіндірді. Оның ішінде: мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық еңбекақыларына өңірлік үйлестіру коэффициенттерін қосу және ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтерлерді міндетті түрде беру және т.б.

МСҚББ қызметкерлері мемлекеттік қызмет өткеру бағыты бойынша сұрақтарына толық жауптар алды.

Abai.kz

0 пікір